Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аяулы есімі әрдайым жадымызда - АРҚА АЖАРЫ

Аяулы есімі әрдайым жадымызда

«Арқа ажары» газетінің ыстық-суығына жас күнінен көне білген майталман журналист
Ілияс Әшімұлы Қарағозин жайлы сыр естелік

Қайран уақыт… Ереймен елінің біртуар азаматы Ілияс Әшімұлы Қарағозин ағамыздың туғанына 80 жыл толып отыр. Бар саналы ғұмырын журналистика деп аталатын қиындығы мен қызығы мол салаға арнаған ағамыз кезінде көптеген очерк, суреттеме, деректі әңгімелер жазып өлеңдер мен поэмаларды тудырған қарымды қаламгер ретінде ел есінде қалған қаламгер. Бірақ, бұл биікке көтерілу оңай болған жоқ. Тынымсыз еңбек жолында ағамыз талай қиындықтарды бастан кешіріп, бойына біткен талант пен табандылықтың нәтижесінде өзіне мақсат етіп қойған арманына жетті. Оған оның жүріп өткен өмір жолдары дәлел.

Ілияс ағамыздың шыр етіп дүние есігін ашқан уақыты өткен ғасырдың қырқыншы жылдары –Ұлы Отан соғысы басталған қасіретті кезең болатын. 1941 жылдың күзінде Ілекеңнің әкесі Әшім атамыз «еңбек майданына» аттанғанда, ботадай боздаған зайыбы мен оның етегінен ұстаған екі қызы және бір жасқа жаңа толған жалғыз ұлы Ілияс қалып еді. Ілияс ағамыздың шыр етіп дүние есігін ашқан уақыты өткен ғасырдың қырқыншы жылдары –Ұлы Отан соғысы басталған қасіретті кезең болатын. 1941 жылдың күзінде Ілекеңнің әкесі Әшім атамыз «еңбек майданына» аттанғанда, ботадай боздаған зайыбы мен оның етегінен ұстаған екі қызы және бір жасқа жаңа толған жалғыз ұлы Ілияс қалып еді.  Соғыс зардабы елде қалған жұртшылыққа бар ауыртпалығын салды. Бірақ, денсаулығына байланысты әскерге алынбаған Әшімнің інісі Тәшім Ілиястың анасы Миниса жеңгесіне пана болып, ағасының жанұясын қолына алды. Ілияс аға өзінің «Інім туралы сыр» атты очеркінде «Жеті жылға дейінгі балалық шағымыз Күншалған тауының бауырындағы Бөктергіде өтті. Осы қыстаудың түбінде аласалау томпақ қырат бар. Дәл соның астындағы жалғыз үйде Асқарлармен бірге тұрдық», –деп жазыпты. Сол үйдің қазір ескі орны ғана жатыр. Ол жерді ел адамдары «Тәшім қорасы» деп те атайды. Жалғыз ұлы мен екі қызының амандығын тілеген Миниса ана бұл қиын кезеңде көппен бірге еңбек етіп, Бөктергіде орын тепкен «Жаңа тұрмыс» колхозының сиыр фермасында сауыншы болады.  Араға 7-8 жыл салып елге оралған Әшім ақсақал жанұясына қосылып, өрімдей болып өскен қыздарын құшарлана иіскеп алған соң, күнге күйген баласын қолына алып: – «Жалғыз ұлымды көрдім-арманыма жеттім, енді бір елі қасымнан шығармаспын» – деп өзіне-өзі серт бергендей болған екен. Айтқанындай, бірер ай Шәкей ауылында тұрақтаған Әшім ақсақал колхоздың бір отар қойын алып, мектеп жасындағы баласын ағайындарына тастауға қимай, Найзатас қыстауына көшеді. Келер жылдың күзінде бажасы Сағындық Әшімнің амандығын білмек болып, Осакаровкадан Найзатасқа ат басын бұрған екен. Ол қой соңында жүрген Ілиясты көріп: – Ау Әшім, біздің балалар мектепте оқып жатыр, тоғызға келген сенің балаң мектепке бармаушы ма еді?–деп сұрайды. Әшім ақсақал ыңғайсызданып, басын төмен салып айтарға сөз таппай біраз үнсіз тұрып қалады. Әлден соң:  –Оқу ешқайда қашпас. Өзі маған кәдімгідей қолғанат болып қалды. Келесі жылы барса да болар–дейді күмілжіп. Сол кезде Сағындық ақсақал бастырмалата: –Баланың обалына қалмай оқыт. Жасы да есейіп қалыпты. Тең құрбысынан қалып қойса ұят болады? –дейді дауысын көтеріп. Ақыры Сағындықтың сөзі себеп болып, кішкентай Ілияс ертеңіне оның атына мінгесіп, Осакаровка (Жансары) ауылына аттанады. Сөйтіп, оның білім жолындағы алғашқы қадамы осылай басталыпты.  Келесі жылы колхоз малынан шыға алмай, баласына деген сағыныштан жүрегі өртенген Әшім ата қой отарын тапсырып, Шәкейге көшіп келеді. Ілиястың қуанышында шек жоқ. Енді ол өз ауылында, жанұясының ортасында. Өз үйінен алшаң басып мектепке барады, өзімен шамалас Секен, Матай, Мереке, Теміртаймен бірге оқитын болды. Ол заманда ауылдағы қоғамдық жұмыс мектеп оқушыларының күшімен атқарылатын. Бесінші сыныптан жоғары сынып оқушылары мектепке отын даярлау науқанына қатысатын. Орманшы Әміш ақсақалдың рұқсат еткен жерлерінен ағаштар кесіліп, оларды екі-үш жерден буып, пар өгізбен орманнан шығарып, мектепке таситын. Ал, күзге қарай бүкіл мектеп қырманнан табылатын. Ол аяқтала бере орылған бидай алқабынан масақ теріп, сабан жинау басталатын.  Осындай есте қаларлық уақиғаларымен мектеп өмірі жалғасып жатты. Ілияс озат оқушылар қатарында. Мектептің ай сайын шығатын қабырға газетінің редакторы. Өзі сол газеттің көркемдеушісі, газетке жазатын мақалаларды да іріктейді, тіпті бала тілмен өлең де жазады, бірақ, онысын ешкімге көрсетпейді. Жеті жылдықты аяқтағанда Ілияс 16 жасқа толған ересек бала еді. Ол әрі қарай оқу керектігін түсінген ол анасының ақылын алып, Ақмола қаласындағы қайын апасы Әсияның үйінде тұрып оқымаққа бекінген. Бірақ, қарапайым жанұяның қаржылық мүмкіндігіне байланысты бұл қадам бір жылға шыдас беріп, бір жылдан соң Ілияс 9-10 сыныптарды Благодатта оқитын болды. Интернатта жатады, тамағы тоқ, мұғалімдері керемет мектеп өмірі Ілиястың көңілінен шығады. Әсіресе, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Кәкен аға сабағы, онымен сабақтан тыс өзінің алғашқы жүрекжарды өлеңдері жайлы сұхбаттасу Ілияс арманын бір табан ілгері жақындатқандай еді. Мектеп бітіріп, ақырғы қоңырау соғылып, соңғы қоштасу кеші аяқталған соң, жаздың жарық түнінде сүйікті ұстазы Кәкен ағайының есігін қақты. Табиғатынан байсалды Кәкен аға: –Түннің бір уағында елдің мазасын алып жүрген бұл кім ?! – деп қақпаға тақағанда, ар жақтан өзінің сүйікті шәкірті Ілиястың: –Аға мен ғой. Сізге айтар бір өтінішім бар еді, есікті ашпайсыз ба? –деген дауысын естіп, көп ойланбастан есігін айқара ашып: –Иә, бұл не жүріс, түнделеткен,–деді қатқылдау дауыспен. Өзінің осы бір орынсыздау әрекетіне ыңғайсызданған Ілияс батылдық танытып: –Аға, Сіз менің ең сүйікті ұстазымсыз. Сіздей болғым келеді. Сіздің жолыңызды қуып, Сіздей білімді, парасатты, беделді болғым келеді. Сіздей ҚазГУ-дың журналистика факультетіне барып түскім келеді. Сол арман мені жетелеп, еріксіз түнделетіп Сізге жолықтырып тұр. Ырым болсын аға, ренжімесеңіз, бүгін Сіздің қасыңызда түнеп шықсам қалай болады? –деп көптен бері жүрегінде мықтап орын алған ойын ақтарып тастады.  Сол күнгі түнде жерге төселген бөстекте көсіле жатқан ұстаз бен шәкірттің әңгімесі таң атқанша жалғасты. Кезінде Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, біраз жыл аудандық газеттерде жұмыс істеп, отбасы жағдайына байланысты мұғалімдік мамандықты таңдаған Кәкен Ахматуллин Ілиястың бойына біткен жазушылық қабілетін тап басып, екі жылдай өз білгенін жас ақынжанды жігіттің бойына сіңіріп келген болатын. Бүгінгі сүйікті шәкіртінің бұл келісін жақсылыққа жорыды, таң атқанша өз өмірінің қилы-қилы соқпақтарын жыр қылып айтты. Дәл сол түні балғын жігіт менің болашақ тағдырым журналист болу деп шешті.  Бірақ, Ілиястың арманының көкжиегі алыстай түсіп еді. Оқуды бірге бітірген достары Секен мен Матай Алматыға, Теміртайы Мәскеудің технологиялық институтына аттанғанда, бұл өз үйінің босағасынан аса алмады. Оның себебі, ауылдық жерде малмен көзі шыққан әкесі бұның Алматыға баруына қарсылық танытып, мал дәргерінің мамандығын алуын қалаған. Әке талабын орындау міндет, Ілияс амалсыздан «Ленин атындағы» кеңшарда бір жылдай тракторшы болып, 1960-1963 жылдары Целиноградтың зооветтехникумында оқып шыққан соң «Өлеңті» кеңшарының Бозтал бөлімшесіне мал дәрігері болып барады. Сөйтіп, бір жылдық еңбекақысын ақырындап жинай берген ол 1964 ешкімнің ақылын тыңдамастан, арман болған Алматыға жетіп, университеттің түсу емтихандарынан мүлтіксіз өтіп, журналистика факультетінің студенті атанады. Ілиястың қуанышында шек жоқ. Ақыры арманына жетті, студент болды. Елде қалған ата-анасына, апа-қарындастарына «мен оқуға түстім»,–деп қуанышты хаттарын да жазды. Бірақ, араға ай салып, әскер қатарына алынатын болды. Өзегін өртеген лажсыздық бойын билесе де, бұл міндетті орындау талабынан аса алмай, Калининград әскери округіне қатардағы жауынгер болып аттанды. Әскерде жүргенде де қойын дәптерін қолынан тастамады. Онда әскери өмірде көрген, білген, сезген жайлары туралы қысқа суреттемелері, алыста қалған туған елі Ереймен, Шәкей туралы сағыныш әңгімелері, өлең шумақтары маржандай жазуымен дәптер бетіне түсіп жатты. Үш жылдық әскери міндеті аяқтала салысымен, 1966 жылы ол қайтадан Алматыға тартып оқуын жалғастырды. Үш жылың Ілияс арманына әжептәуір кедергі болғаны анық, бірақ, оқуға деген құлшыныс жетегін мықтап ұстаған жас жігіт, журналист мамандығына қажетті білім нәрін алуға бар ынта-жігерін сарп етті. Студенттік өмір мен қаржы тапшылығы бірге жүретіні белгілі. Осы себептен ол оқу орындарында құрылып жатқан студенттік құрылыс отрядтардың белсенді мүшесі болып, Павлодар облысы, Май ауданына аттанды. Бұл облысты таңдауының тағы бір астары бар болатын. Мектеп қабырғасында жүргенде балаң сезімді оятқан ауылдасы Балжан атты қызбен кейін екі арада шынайы сүйіспеншілік орнап еді. Балжанның Павлодар пединститутына ауыстым деген хатын алған соң, қайтсем де оның қасынан табылуым керек деп Май ауданына келуінің сыры осы еді. Екі жастың ата-аналары қарсылық танытса да, қос жас тағдыр жібін матастырып, Павлодардың «Ертіс» мейрамханасында, дүбірлетіп студенттік тойларын өткізіп тастады. Бұл думанды кешке Балжанның сіңлісі Бақыт, жеңгесі Раушан Әмірқызы және досы Қуандық Исабаев қатысып, қызықтарын бірге бөліскен. Қуандық Сабырұлы Алматының медицина институтын тәмамдап, Ерейментаудың теміржол ауруханасында балалар дәрігері болып қызмет етіп жүрген кезі. Досының күйеу жолдас бол деген өтінішін жерге тастамай, Павлодарға жетеді. Сөйтіп, осы қызықтың жалғасы Ерейментау мен Шәкейдегі тойларға ұласып, жас жұбайлар Ерейментау қаласында тұратын болып шешеді. Ілияс сырттай оқуға ауысып, Ерейменнің аудандық «Прогресс» газетіне тілші болып қабылданды. Сол кезде аудандық газетте қызмет істеп жүрген Дуанбай Әлімжанов, Владимир Тарасеевичтер жас маман Ілияс Қарағозинді құшақ жая қарсы алды. Ағамыздың журналистика саласындағы еселі еңбегі өзінің туған жері Ерейменде осылай басталып еді.

Манап ӘДІРЕШЕВ,

Ерейментау ауданының Құрметті азаматы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар