Жүректі мазалар ой көп-ақ. Бірақ, дәл қазір қоғамды ойлантып та, толғантып та отырған бір-ақ нәрсе. Ол біздің елді ғана емес, бар әлемді жаулап жатқан індет жайлы. Күні кеше Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алдағы оқу жылында оқушы балалар бірінші тоқсанды қашықтықтан оқиды деп мәлімдеді. Шынында да, «Сақтықта қорлық жоқ» деген емес пе. Әсіресе, жауқазын жас ғұмыр өмір жалғасы екендігін ұмытпауымыз керек. Бұл қиын күндерде өтер, сын сағатты да өткерерміз…
Байқап отырсақ, бүгінгі оқушы балалардың әдеби кітап оқуға деген ынта-шынтасы мүлдем жоқ десек асыра айтпағанымыз. Ендігі орайда қашықтықтан оқып жатқан балаларға сен неге әдеби кітап оқымайсың деп айтудың өзі артық. Жасырары жоқ, кешегі келмеске кеткен кеңес заманында малшы да, сауыншы да, егінші де, етікші де қолы қалт еткенде бір-бірімен жарысып, үйдегі бала-шағамен жағаласып, жастанып кітап оқитын еді ғой… Байқап отырсақ, бүгінгі оқушы балалардың әдеби кітап оқуға деген ынта-шынтасы мүлдем жоқ десек асыра айтпағанымыз. Ендігі орайда қашықтықтан оқып жатқан балаларға сен неге әдеби кітап оқымайсың деп айтудың өзі артық. Жасырары жоқ, кешегі келмеске кеткен кеңес заманында малшы да, сауыншы да, егінші де, етікші де қолы қалт еткенде бір-бірімен жарысып, үйдегі бала-шағамен жағаласып, жастанып кітап оқитын еді ғой… Қазір балалар жазғы демалыста. Карантинге байланысты көп балалар үйде отыр. Көркем әдебиет жан азығы емес пе? Алайда, кітап оқып, білімін жетілдіріп жүрген балалар некен-саяқ. Есесіне, корей, жапон елдерінің телесериалдары мен шетелдік мультфильмдерді көп тамашалайды. Бар уақыттарын мағынасын дүниеге жұмсауда. Ойлап отырсақ, біз көбіне-көп өзіміздің бала-шағамызды адамгершілік, кішілік, кісілік, ізгілік қағидаттарына үйретеміз де, оларды уақытты үнемдеу, оны тиімді пайдалану сияқты дағдыларға баулымайды екенбіз. Сол жас жеткіншектердің басым көпшілігі телефонмен «дос». Өскелең ұрпақ кітап оқымаса ойлануымыз керек. Бұл онша-мұнша қуанарлық жәйт емес.Байқап жүрген боларсыздар, Көкшетаудың өзінде кітап дүкені саусақпен санарлық. Сұраныс жоқ дейді саудагерлер. Иә, рас мынандай аласапыран заманда кітап дүкенін кім ашқысы келеді дейсіз. Содан болар, «Орталық базарда» түрлі дүңгіршектерде, азық-түлік, киім-кешек, ойыншықпен араласып, бір бұрышта «жетім баладай, жәудіреп» тұрған кітаптар сатылады. Базарда орыстың шал-кемпірі жерде төсеніштің үстінде, Ресейдің кешегі сарытап болған ескі кітаптарын сатып тұрады. Фантастика, детектив дейсіз бе, роман керек пе, бәрі бар. Сол кітаптардың арасында қазақ әдебиеті классиктерінің де туындылары да жатыр. Бәлкім бар мәселе отбасындағы тәрбиеден бе? Біздің бала кезімізде әрбір отбасында шағын кітапхана болатын. Үйге кіргенде алдымен кітапханасын тамашалап, ондағы кітаптармен танысатын едік. Соны көрген біздер әлі күнге дейін пәтерден-пәтерге көшіп жүрсек те, қорап-қорап кітаптарды тастамаймыз. Қазіргі таңда жеке кітапханасы бар үй кемде-кем. Барлығы сандық жүйеге көшуде. Том-том кітаптар да электрондық форматта, уақыт талабына сай жүйеленіп жатыр. Дегенмен де кітапты қолға ұстап, оқудың өзі бір ғанибет емес пе? Кітаптар да «көзден кеткесін, көңілден бал-бұл ұшқандай» ма кім білсін?..«Кітап оқудың қаншалықты қажеті бар? Бұл көп уақыт алады. Қажетті деректерді ғаламтордан іздеп, тауып алуға болады». Қазіргі оқушы-балалардың басым көпшілігінің ой-пайымы осындай. Ал, сіздің алып-қосарыңыз бар ма, оқырман?!
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.