Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
42500 теңге төлемақы алуға өтініштер қабылдануда - АРҚА АЖАРЫ

42500 теңге төлемақы алуға өтініштер қабылдануда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова карантин кезінде табысынан айырылған азаматтарға мемлекет тапарынан 42500 теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік жәрдемақы төлеудің тәртібі жөнінде кеңінен түсіндіріп өтті.

Үстіміздегі жылдың 16 наурызы мен 11 мамыр аралығында елімізде төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты Ақмола облысы бойынша 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем 167 мың адамға тағайындалған болатын. «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы 167 мың тұрғынға бір ай үшін жалпы сомасы 7,1 миллиард теңге көлемінде, екінші айда 109 мың адамға 4,6 миллион теңге көлемінде төлем төлеген.

Елімізде карантин режимі осы айдың соңына дейін ұзартылуына байланысты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылдың 16 шілдесінен бастап «Шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда бір реттік әлеуметтік төлемақы беру ережелері»  бекітілді. Бұл бір реттік әлеуметтік төлемақы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен төленеді және оның мөлшері ең төменгі жалақыны, яғни 42500 теңгені құрайды.

Ендігі ретте, «осы 42500 теңге кімдерге төленеді?» деген сұрақ туындайды. Басқарма басшысының айтуынша,  әлеуметтік төлем төтенше жағдай кезіндегі қағидатпен тағайындалады. Яғни, төлем карантин кезінде табысынан айрылған азаматтарға беріледі. Атап айтсақ, жеке практикамен айналысатын адамдар, орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер, карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері, азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша кіріс алатын адамдардың әлеуметтік төлем алуға құқығы бар. Осы уақытқа дейін облысымыз бойынша әлеуметтік төлем алуға 14 мыңнан астам өтініш түскен.

Бір реттік төлем алуға өтініш үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады. Бұл жолы өтінішті тек қана жұмыс берушілер «Электронды үкімет» веб-порталы, Enbek.kz порталы, telegram-bot және aitu-bot, сондай-ақ, екінші деңгейлі банктердің интернет ресурсы мен мобильдік қосымшалары арқылы бере алады. Проактивті форматта төлем алуға өтініш берудің қажеті жоқ. Мұндай жағдайда ықтимал өтініш берушіге мобильді құрылғы арқылы бір реттік төлем  тағайындауға келісім алуға СМС хабарлама жіберіледі.

–Аудан және қала әкімдерінің өкімімен облысымыздың барлық өңірлерінде жұмыспен қамту мәселелері бойынша өңірлік штабтар құрылды. Оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктерінің өкілдері кірді. Штабтың жұмыс органы аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері болып табылады. Ақысыз демалыстағы азаматтарға, жеке кәсіпкерлерге табысынан айырылуына, не болмаса шектеу шаралары енгізілуіне байланысты әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімді штабтар өтініш негізінде шығарады, – деді Дина Ахметжанова.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының»  өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар