Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Егіндікөлдегі стационар нәтижелі жұмыс істеуде - АРҚА АЖАРЫ

Егіндікөлдегі стационар нәтижелі жұмыс істеуде

Егіндікөл ауылында 15 орынға шақталған провизорлы стационар жұмыс істеп тұр. Онда орта дәрежелі ауырлықтағы пневмония індетіне шалдыққан науқастар ем алуда. Ал, ауруы жеңіл түрде өтіп жатқан науқас тарға медицина қызметкерлері үйлеріне барып ем жүргізеді.

Бұл стационарда өкпені жасанды желдетудің екі аппараты, осы күндері аса қажетті жеке қорғану құралдары мен зарарсыздандыру бұйымдары бар. Жергілікті кәсіпкерлер 2,3 миллион теңге сомасында демеушілік жасап, оған алты оттегі баллонын, он пульсоксиметр, үш оттегі концентраттары сатып алыныпты. Сонымен бірге, аталмыш стационарда жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлеріне агротехникалық колледждің жатақханасы уақытша тұруға берілді. Олардың тамақтануы да жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен ұйымдастырылған.
Стационарда науқастарды емдеп, қызмет көрсетіп жүрген топ Егіндікөл аудандық ауруханасының қызметкерлерінен құрылған. Оларға осы күндері үлкен жауапкершілік міндеттелуде, себебі аудан тұрғындарын қатерлі індеттен қорғау соларға жүктелген.
Бүгінде осы стационарда алғы шепте жүрген медицина қызметкерлерінің арасында дәрігерлер – Жалғасбек Жақсылық, Назымбек Сейілов, мейірбикелер мен мейірбектер – Рүстем Есенбек, Ирина Федоренко, Ревека Айткенова, санитарлар – Бекзада Есенбек, Егінбай Асай, Татьяна Гончарова, Светлана Мусина бар.
Назымбек Сейілов астанадағы медицина университетін бітіріп, аудандық ауруханаға келіп, жалпы тәжірибе дәрігері болып істеген. Қазіргі уақытта ол Алматы қаласындағы медицина университетінің резидентурасында «Хирургия» мамандығы бойынша білімін жалғастыруда. Жазғы каникулға еліне оралған ол дәрігерлер жетпей жатқан осындай күрделі кезеңде жерлестеріне көмектесуге бел буыпты.
Бұрын соңды болмаған, толық біле қоймайтын жұқпамен жұмыс істеу көпжылдық тәжірибесі бар дәрігерлердің өздері үшін де оңай емес екендігін жасырмады ол.
– Мына толық зерттеле қоймаған жаңа індетпен күресте біз өзіміз де қиын жағдайды бастан өткерудеміз. Науқастар бізге үлкен сенім артады. Олардың денсаулықтарына байланысты шағымдары мен жиналған анализдің негізінде диагноз қойып, белгіленген хаттамаға сәйкес емдейміз. Ем жүргізер алдында, ең алдымен науқастарды тыныштандырып, рухани дайындаймыз. Олар бойларына ем қонып, тез жазылып шығатынына сенімді болулары қажет. Себебі, науқастардың жазылып кетуі үшін өздерінің емделуге деген сенімі маңызды. Қазір әр күнімізден тәжірибе, білім алып жатырмыз. Ал, белгіленген ем шараларының тиімділігін көре бастағанда, еңбегіміздің бекер болмағанын түсініп, іштей қуанамыз, –деп өзінің ойымен бөлісті жас дәрігер Назымбек Серікұлы.
Стационарда туындаған барлық мәселелерді аудан және аурухана басшылары жедел түрде шешіп беруде. Бүгінгі күні провизорлық орталықта барлық қажетті дәрі-дәрмек пен қорғаныс құралдары жеткілікті, оттегі қоры үнемі толтырылып отырылады. Орталықтың қызметкерлері егіндікөлдіктерге үйлерінен шықпауға, қоғамдық орындарға бармауға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, антисептиктерді жиі пайдалануға кеңес береді.

Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар