Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың басшылығымен және қамқорлығымен Көкшетау қаласының сәулеті мен дәулеті артып келе жатқандығы әмбеге аян. Соңғы жылдары облыс орталығында жаңа көпірлер салына бастады. Бұрын Қылшақты өзенінің арғы-бергі жағасындағы тұрғындардың қатынауы қиын болса, енді осы мәселе түбегейлі шешілді деуге болады. Былтырғы жылы Мәлік Ғабдуллин атындағы көшенің бойында Қылшақты өзенінің үстінен осы заманғы көпір салынып, пайдалануға берілсе, қазір Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғылы бойында және Қопа көлінің жағалауынан екі жаңа көпір салынып жатыр. Бұлар таяудағы мерзімде толық пайдалануға беріледі. Бұл көпірлер Көкшетаудың көркіне көрік қосып, халықтың автокөлік және жаяу жүргіншілердің жүрісін жеңілдететін болады.
Суреттерді түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.