Жерлестеріміз биылғы жылдың басынан берi 88 миллиард теңгеден астам әлеуметтiк төлем алды. «Азаматтарға арналған үкiмет» Ақмола облысы бойынша филиалынан алынған дерек бойынша, орта есеппен ай сайын әр түрлi жәрдемақы алушылар 15 миллиард теңгеден астам қаржыны игілікке жаратқан.
Бүгiнгi күнi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының» облыстық филиалы мен оның құрылымдық бөлiмшелерi зейнетақы, сондай-ақ, жәрдемақының 50 түрiн төлеудi жүзеге асыруда. Ағымдағы жылдың алты айында, өңiр бойынша 88,4 миллиард теңгенің әлеуметтiк төлемдері төлендi, яғни, орта есеппен ай сайын 15,2 миллиард теңге мөлшерінде төлем жүргiзiлуде.Бүгiнгi күнi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының» облыстық филиалы мен оның құрылымдық бөлiмшелерi зейнетақы, сондай-ақ, жәрдемақының 50 түрiн төлеудi жүзеге асыруда. Ағымдағы жылдың алты айында, өңiр бойынша 88,4 миллиард теңгенің әлеуметтiк төлемдері төлендi, яғни, орта есеппен ай сайын 15,2 миллиард теңге мөлшерінде төлем жүргiзiлуде.Әлеуметтiк төлемдер ай сайын зейнетақы мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның банктiк шоттарына аудару жолымен жүргiзiледi (екiншi деңгейдегi банктер, «Қазпошта» АҚ арқылы). Сондай-ақ, коронавирус індетіне байланысты «Қазпошта» акционерлiк қоғамының бөлiмшелерi зейнетақыны қариялардың үйлерiне жеткiзiп беруде. Ал, қайтыс болған адамның зейнетақысы немесе жәрдемақысы алушының төлемдерi қайтыс болған айға қоса төленедi. Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiндерге есептеу iшкi iстер органдарында тiркелуден алынған ай бойынша төленедi.Aсыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы, көп балалы отбасыларға асырауындағы балалар он сегiз жасқа толғанға дейiн жүргiзiледi, жоғарыда көрсетiлген жастан асқан асырауындағы адамдар оқу орнының күндiзгi жүйесiнде жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесiнде, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру жүйесiнде жиырма үш жастан асқанға дейiн, яғни, оқуы аяқталғанға дейін жәрдемақы алуға құқығы бар. Бұл үшiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 14 сәуiрдегi бұйрығымен бекiтiлген «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ, жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн, мүгедектiгi және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының оқу орнынан 6-қосымшасына сәйкес анықтама талап етіледі. Он сегiз жастан жиырма үш жасқа дейiнгi асырауындағы адамның шын мәнiнде жыл сайын ұсынылатын күндiзгi нысандағы студент болып табылатыны туралы анықтама да қажет. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2020 жылғы 8 маусымдағы бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтiк төлемдер жәрдемақы алушыларға асырауындағы адам он сегiз жасқа толғанға дейiн жүргiзiледi.Әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу (айқындау), мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердi тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларының 31-қосымшасына сәйкес, төмендегідей тәртіп енгізілген. Он сегiз жастан асқан адамдар бойынша орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымынан отбасының он сегiз жастан жиырма үш жасқа дейiнгi мүшелерi күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алушылар болып табылатыны туралы анықтама (жыл сайын жаңартылып отырады) ұсынылады.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 14 сәуiрдегi бұйрығымен бекiтiлген «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ, жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн, мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес зейнетақы мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым ұсынған алушының банк шоттары бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операциялары болмаған жағдайда төлемдердi тоқтата тұру қарастырылған. Осыған байланысты, аталған зейнетақы мен жәрдемақы алушыларға банктiк шот бойынша кемiнде үш айда бiр рет төлеудi тоқтатуды болдырмау үшiн банктiк үздіксіз қозғалыс жүргiзу ұсынылады.Сұрақтар туындаған жағдайда, «Азаматтарға арналған үкiметтiң» әлеуметтiк-еңбек саласының байланыс орталығына 1411 нөмiрi бойынша хабарласа аласыздар (қоңырау шалу тегiн). Байланыс орталығының жұмыс кестесi күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн. Бақберген Амалбек,«Арқа ажарының» өз тілшісі.