Елімізде коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және дәрілердің белгіленген шекті бағасын сақтау бойынша мониторинг жүргізуде.
Мониторинг шеңберінде ағымдағы жылдың 20 шілдесінде Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «Ақмола-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелерімен бірлесіп «Дәрі-дәрмектің бағасын біл!» акциясын өткізді.
Акция ұйымдастырушыларымен дәріханалардың жалпыға бірдей қолжетімді жерлерінде дәрі-дәрмектердің шекті бағасын мобильдік қосымша арқылы білу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға тап болған жағдайда Агенттіктің 1424 Call-орталығына хабарласу мүмкіндігі туралы ескерту жапсырмалар орналастырылған.
«Әрбір азамат «DariKz» мобильдік қосымшасын жүктеп және пайдалана отырып, дәрілік заттардың шекті бағасы туралы барлық ақпаратты ала алады. Сонымен қатар, дәрілік препараттардың шекті бағасын негізсіз көтеру фактілеріне тап болған жағдайда азаматтар дәріхананың атауы мен мекен — жайын немесе дәрі-дәрмек сататын басқа да орындарды анықтап, аудио, бейне, фото (чектер және т.б.) жіберіп, +7 702 000 24 94; +7 705 585 94 32 нөмірлері бойынша WHATSAPP арқылы хабарласа алады», — дейді «Ақмола-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Самира Тайтенова.