Қыз ұзатуда киілетін көйлек жайлы айтсақ, ол басқа көйлектерден аса ерекшеленеді, себебі ұзату күнінде қыздың бұрынғыдан да, әсіресе, сымбатты және сұлу болуы керек. Киген көйлегі сәукелесі сияқты қымбат матадан тігіліп, бас киімі не түсі сай не бірдей болуы керек. Қыз ұзату көйлегі неше түрлі ою-өрнектермен, маржан және басқа да асыл тастармен безендірілген болуы керек. Бұл деген қалындықтың қаншалықты көркем екенін, сұлулығының мөлшерін көрсететін. Келесі қарастырылатын киім ол шапан.
Жас келіншектің киімі. Келін жұбайының үйіне келгенде, яғни, өзге үйдің босағасын аттағаннан кейін, оған жаулық салып өз қызы ретінде еншілеп алады. Тұрмысқа шыққан жас келіншек бастапқыда басына ормал тағып жүреді. Бұл орамалды тағуының себебі үй шаруасын атқарғанда шашы оған бөгет жасамауы үшін, сонымен қатар, тамақ әзірлегенде шашы байқаусыздан жейтін тағам арасына түсіп кетпес мақсатымен. Кейбір адамдардың пікірі бо-
йынша, жас келіннің орамал тағуының себебі ол тіл-көзден сақтануы үшін, себебі үйге жақын арада келін болып түскен олар, үйге жас келінді көруге келген көптеген адамдармен кездесуге тура келеді. Жас келіндер, әсіресе, ақ орамал тағатын. Неге ақ орамал десек, қазақтарда бұрын ақ орамал ақ ниеттің, адалдықтың белгісі болып есептелетін. Егер киім жайлы айта кетсек, жаңа түскен келіншектің киімі бойжеткеннің киімінен айырмашылығы аса көп деп айтуға болмайды. Ең басты айырмашылығы ол бұрынғыдай бөрік не тақия кимей, қарапайым ақ немесе ашық түсті орамал тағуы. Дәл осы орамал арқылы қыздың тұрмысқа шыққанын білуге болады. Басқа айырмашылығы ол киімдерінің үлгілері бұрынғыдай болса да, яғни, қос етек көйлек, қамзол кисе де, олардың біраз қарапайымырақ болуы. Көйлектерінің жағасына қол инемен көркемдеп қайып тігіп қоятыны да бар болған, сонымен қатар, сол жағаларының өңіріне бірнеше түйме қадап қоятын. Бір сөзбен айтқанда, киімдері жас қыз болып жүрген кезінен айырмашылығы ою-өрнектерінің аз болуы және де маржан мен асыл тастарының саны бұрынғыдан кем болуы. Егер әшекей бұйымдар жайлы айтсақ, олардың қымбаттылығы да, саны да азаятын. Бұған себеп қыз келіншектің үй жұмысын атқаруға ыңғайлы болсын деп, сонымен қатар, аса бағалы әшекейлердің жұмыс істеп жүргенде бүлініп қалмасы үшін. Жалпы айтсақ, жас келіншектердің киімі тұрмысқа шықпаған қыздардың киіміне аса ұқсас, дегенмен, бұл тек уақытша ғана. Келіншек бала туғаннан бастап басқа киім кию керек болатын. Жас келіншектер аяқтарына етіктен гөрі мәсі киетін. Мәсі ол жұмсақ былғарыдан не құрымнан тігілетін аяқ киім. Етіктен айырмашылығы – өкшесінің болмауы, сонымен қатар, сыртынан кебіс кию керектігі. Кебіс те былғарыдан тігіледі, бірақ, оның басы жұмсақ былғарыдан, ал табанын қатты ұлтаннан биік етіп тігеді. Жас келіншектер кебісті ою-өрнектеп тігеді, бұл сүйкімсіз көрінетін аяқ киімнің түрін жұмсартып, қыздың аяқ киіміне ұқсауына себептес болады.
Шапан – қалындықтың сырт киімі. Ол да асыл матадан алтын жіппен зер салынып, өрнектеліп тігіледі. Шапанның өңіріне оюлы өрнек салынса, етегіне өсімдік тектес өрнектер кестелер тігілген. Бұл – өсіп-өңсін, өркенді болсын деген тілек белгісі. Әшекей бұйымдар туралы айтсақ, олардың да саны артылуда. Бұл жолы әшекей бұйымдардың саны аса көп, қымбат болуы керек. Алтын сырға, білезік пен алқа, қымбат тастары бар жүзік, асыл тастармен әрленген шолпы, алтыннан жасалған белбеу. Көбінесе қалындықтың қыз ұзату киімі ақ жібектен тігіледі, қамзолы не шапаны да дәл сондай түсті немесе түсі сәйкес болатындай тігіледі. Кейде көйлектің сыртынан шапан емес қамзол киетін. Ол болса алтын түсті жіптермен кестеленіп әрлендірілген, тағы да асыл тастар мен түрлі түймелер қадалған. Аяқтарына бұрынғыдай сапиян етік не көк сауыр етік киетін, той кезінде бұл етіктер одан да әдемі көрінсін деп ою-өрнектерін молырақ кестелеп тігілетін.