Демалыс аймақтарын, жағажайлар мен туристік нысандарды жабу туралы шешімді жергілікті санитарлық дәрігерлер өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты шығаратыны орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды.
–Өкінішке орай, біз еліміздің әр елді-мекеніндегі эпидемиологиялық жағдай туралы егжей-тегжейлі білмейміз. Сондықтан, өңірлердегі санитарлық дәрігерлерге карантин талаптарын қатаңдату өкілеттілігі берілді, бұл туристік аймақтарға да қатысты. Яғни, қажет болған жағдайда карантин қатаңдатылады, – деді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова.
Брифингке қатысқан Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди демалыс аймақтарына, соның ішінде жағажайлардың жұмыс істеуіне шектеу қойылып жатқанын хабарлады.
–Тұрғындар бұл шектеулерді дұрыс түсінуі керек. Әр демалыс аймағы, туристік нысан бойынша жергілікті жерлердегі санитарлық дәрігерлер өздері шешім қабылдайды, – деді аталған министрлік өкілі.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.