Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Оңалту орталығы жұмыс істер тұр - АРҚА АЖАРЫ

Оңалту орталығы жұмыс істер тұр

Президенттік клиника қабырғасында пациенттерді коронавирустан кейінгі оңалту орталығы жұмыс істеп тұр. Онда  келушілерді гипербариялық оксигенация әдісімен емдейді.

Коронавирустық инфекция дендеп кеткелі карантиндік шаралар, маска кию, қол гигиенасы және әлеуметтік аралықты сақтау – осылардың барлығы адамдардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Қазір біз коронавирусты тұмаудан немесе ЖРВИ-дан қалай ажыратуға болатынын, ПТР-сынақты қайда және қалай тапсыратынын және егер өзіңіз немесе жақындарыңыз ауырып қалса, не істеу керектігін, ең бастысы коронавирус өкпені зақымдайтынын жақсы білеміз. Алайда, көптеген адамдар тыныс алу функцияларын қалпына келтіру үшін оңалтудың қажет екенін біле бермейді.

–Гипербариялық оксигенация — бұл шамадан тыс барометрлік қысым кезінде ағзаны газбен қанықтыру әдісі. Бұл әдіс COVID-19-бен байланысты пневмониямен ауырған пациенттерге сәтті қолданылуы мүмкін, себебі мұндай пациенттерде ұзақ уақыт бойы субфебрильді температура, ентігу, әлсіздік және тершеңдік сақталады. Сондықтан да, біз Президенттік клиника қабырғасында пневмония мен коронавирустан кейінгі оңалтудан өтуді ұсынамыз», – дейді медицина ғылымдарының докторы, клиника директорының емдеу-диагностикалық жұмыс жөніндегі орынбасары Раушан Карабаева.

Гипербариялық оксигенация негізінде қысым арттыру кезінде сұйықтықтардағы газдың ерігіштігін арттыратын физикалық заңдылықтар жатыр. Осылайша, атмосфералық қысымның артуы — қандағы оттегінің ерігіштігін белсенді етіп, оны қанықтырады.

–Коронавирустық инфекциямен байланысты пневмониямен ауыратын жүздеген науқастарды оңалтуда ресейлік әріптестеріміздің гипербариялық оксигенацияны қолдану тәжірибесі өзінің тиімділігін дәлелдеді. Пациенттер иіс сезу қабілетінің және температураның тез қалпына келгенін, сондай-ақ жұмысқа қабілеттіліктің артқанын атап өткен, – дейді Президенттік клиниканың гипербариялық оксигенация бөлімшесінің меңгерушісі Балкия Әбдіқалықова.

Аьалмыш әдісті қолдануға абсолютті қарсы көрсетілімдер жоқ. Сонымен қатар, бұл сеанстар созылмалы обструктивті өкпе ауруы, демікпе, қант диабеті, артериялық гипертензия және инсульт сияқты қосалқы аурулары бар пациенттерге ұсынылады.

–Барокамераларға қойылатын белгілі бір талаптар бар. Біздің ауруханада емдік қысымның үлкен диапазоны бар және негізгі гемодинамикалық параметрлердің мониторинг жүйесімен жабдықталған, таза оттегімен жұмыс істейтін стационарлық бір орындық барокамералар қолданылады. Пациент бізді көріп жатады, сондай-ақ біз онымен сеанс кезінде сөйлесе аламыз, – деді Балкия Әбдіқалықова.

Президенттік клиниканың Call-орталығы 8 (7172) 70-80-90.

Президенттік клиниканың

баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар