Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кредиторлардың төлем қабілеттілігі қалпына келтірілуде - АРҚА АЖАРЫ

Кредиторлардың төлем қабілеттілігі қалпына келтірілуде

Оңалту жоспары – бұл борышкердің төлеу қабілеттілігін қалпына келтіру және жұмыс орнын сақтау мақсатында борышкер мен кредитор арасындағы өзара келісім негізінде жүргізілетін және оңалту шарасын қолдану кезінде борышкерді сауықтыруға бағытталған өзара байланысты шаралар кешені.

Бұған шараны жүзеге асырудың мерзімі, кредиторлар талабын қанағаттандырудың кестесі, сондай-ақ, қол жеткізілген нәтижелер, пайдаланылатын ресурстар мен тәуекелдіктер енгізіледі. Оңалту жоспары Заңның 77-бабына сәйкес, борышкердің төлеу қабылетін қалпына келтіру және кредиторлар талабын қанағаттандыру кестесі бойынша нақты шараларды құрауға тиіс.
Бірінші кезекте өміріне немесе денсаулығына келтірілген зақымды қалпына келтіру; алимент төлеу; еңбек келісім-шартымен жұмыс істеген тұлғаларға жеңілдік төлем төлеу бойынша талап қанағаттандырылады. Екінші кезекте міндеттемемен, мүлік кепілдігімен қамтамасыз етілген кредиторлардың талаптары орындалады. Үшінші кезекте салық берешегі жабылады. Төртінші кезекте азаматтық-құқықтық және өзге міндеттемелер бойынша өзге кредиторлармен есеп айрысады. Бесінші кезекте шығынды қалпына келтіру, айыптар мен өсімді өндіріп алу бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады.
Алтыншы кезекте Заңмен бекітілген мерзімнен кейін берілген кредиторлар талабы орындалады. Әр кезектегі талаптар Заңмен бекітілмесе, келесі кезектегі талаптар толық қанағаттандырылғаннан кейін орындалады. Оңтайландыру шаралары кез-келген шаруашылық ұйымдастыруды, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және өзге де борышкердің төлеу қабылетін қалпына келтіруге бағытталған шараларды енгізе алады. Оған санация, электрондық аукционды өткізу арқылы мүлікті сату, қаржылық лизинг, борышкерге талап құқын беру, факторинг, реверсиялық факторнинг, берешек бөлігін кешіру, өсім мен айыппұлды кешіру, акцияға қарызды айырбастау, бейбіт келісімге келу және өзге де шаралар кіреді.
Оңтайландыру жоспарын борышкер оңтайландыру шараларын қолдану жөніндегі шешім заңды күшіне енген күннен бастап үш айдың ішінде кредиторлармен және оңтайландыру басшысымен бірге жасауы тиіс. Жасалған бұл жоспар өз кезегінде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың тең жағдайын қарастыруы тиіс. Оңтайландыру жоспарын талқылау кезіндегі жиналыс кредиторлар қатысқан жағдайда заңды болып саналады. Дауысқа ие болу үшін кредиторлардың дауыс саны 50 пайыздан асуы керек. Талап екінші және төртінші кезек құрамында қанағаттандырылады. Оңтайландыру жоспары егер оған екінші және төртінші кезектегі кредиторлар көп дауыс берсе келісілген болып есептеледі.
Құжатта қарастырылған бір немесе екі жағдай орындалмаса, оңтайландыру жос-пары келісілмеген болып саналады. Бұл жоспарды жүзеге асыру мерзімі бес жылдан аспауы тиіс. Оңтайландыру жоспары типтік формада толтырылады. Борышкер кредиторлар жиналысы мақұлдағаннан кейін оңтайландыру жоспарын оңтайландыру шараларын қолдану жөніндегі шешім заңды күшіне енген күннен бастап үш айдың ішінде сотқа ұсынуға міндетті. Кредиторлардың жиналысында келісілген бұл жоспар оны ұсынған күннен бастап жеті жұмыс күннің ішінде соттың анықтауымен бекітіледі. Егер оңтайландыру жоспарына қарсы дауыс берген кредитор оңтайландыру жоспары құрамындағы шаралар негізін сотқа ұсынса, ол бекітілмейді. Өйткені, бұл шараны жүзеге асырып, банкроттық шараларды қолданған жағдайда мұндай кредитордың талабын қанағаттандыруға тура келеді. Сондай-ақ, заңның 26-1 бабының талабы сақталмаса, оңтайландыру жоспары бекітілмейді.
Әлібек АШУОВ,
Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер
департаментінің бөлім басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар