Жыл басынан бері Көкшетау қаласының негізгі капиталына 23 миллиард теңге инвес-тиция тартылды. Оның 80 пайызын жекеменшік капитал құрайды.
4 миллиард теңгенің инвестициялық жобаларын жүзеге асырудың арқасында ішкі инвестиция жақсы нәтижеге қол жеткізді. Мәселен, «Виччи» серіктестігі 5 жел электр станциясын орнатып, 5 жаңа жұмыс орнын ашты. Сондай-ақ, «Бексұлтанов» жеке кәсіпорыны мен «УК стой» серіктестігі 65 жұмыс орнын ашты. «Eurasia Group Kazakhstan» серіктестігі сервистік орталықтың құрылысын жүргізуде. Мұнда 134 адам жұмыс істейді. «ENKI» серіктестігі керамикалық кірпіш шығаратын цех салып жатыр. Құрылыс жұмысымен 60 адам айналысады. «Көкшетау сүт зауыты» серіктестігі де жаңадан 35 жұмыс орнын ашып, ірімшік өндіретін қондырғыны жаңғыртуда.
Көкшетау қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Андрей Подгурскийдің айтуынша, соңғы жылдары қала бойынша ішкі инвестиция серпіні жақсарған. Биылғы жылы негізгі капиталға тартылған жалпы өнім көлемі инвестициясына оң ықпал ететін бірқатар коммерциялық нысандар ашу жоспарланып отыр. Мәселен, «Биборд» серіктестігі 5 мың бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңын, «Жақыпов» жеке кәсіпорны ойын-сауық кешенін, «Подмогова» жеке кәсіпорны мейрамхана, «Рыбинцев» жеке кәсіпорны сауда кешенін салады. 2021 жылы бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылады деп жоспарлануда. 7 жел электр станциясы орнатылады. Май тұқымын және темір өңдейтін зауыттардың құрылысы басталады. «ҚАИК» серіктестігі индустриалдық-технологиялық парк құрылысының екінші кезеңін жүргізеді. «Eurasia Group Kazakhstan» серіктестігі «John Deerу» ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын цех, «Kazros Engineering Ltd» серіктестігі «Rostselmash» дилер орталығын салмақшы. Қала әкімдігі Көкшетау қаласының инвестициялық картасын жасады. Бұл картада бос жер учаскелері мен инвестицияны қажетсінетін тоқтап тұрған кәсіпорындар анықталған. Бүгінгі күні оның орнын толтыру үшін әлеуеттік инвесторлар іздеу жұмысы жүргізілуде. Сондай-ақ, инвестиция тарту көздерінің бірі – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі арқылы жобаларды жүзеге асыру.
–Биылғы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіптің жалпы индекс көлемі коронавирус пандемиясына байланысты азайған жоқ, өткен жылмен салыстырғанда 125 пайызға көбейіп, 61 миллиард теңгені құрады. 2020 жылға арналған Көкшетау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жос-
парына сәйкес, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жоспарлы көрсеткіш 101 пайызды құрады. Қаланың өндірістік әлеуетін машина жасау кәсіпорындары, өңдеуші өндіріс пен құрылыс индустриясы құрайды. Облыстың жалпы көлемінде өнеркәсіптің үлесі 12,9 пайызды құрайды. Жалпы көлем индексінің көбеюіне машина жасау және автокөлік пен тіркеме құрастыру саласы өндірісі көлемінің өсуі ықпал етті. Көкшетау қаласында тауарлы өнім шығарудың негізгі көрсеткіштерін «КамАЗ Инжиниринг», «ЕНКИ», «Тыныс» акционерлік қоғамдары, «Асыл-Арман», «Агример Астық», «Ақсай нан Көкшетау нан-тоқаш комбинаты», «KAZROST ENGINEERING LTD» серіктестіктері тәрізді жүйе құрушы кәсіпорындар жасайды. Бүгінгі күні өндіріс көрсеткіштері жоғары және өткен жылғы деңгейде тұрған «ЕНКИ», «Асыл Арман», «Регион строй», «ҚАИК», «МПЗ Бижан», «Көкшетау сүт зауыты» серіктестіктері тәрізді ірі кәсіпорындарды бөліп айтуға болады. 2019-2020 жылдары өндіріс көлемін азайтуға жол берген кәсіпорындар қатарында «Минеральные воды» акционерлік қоғамы, «Натур Продукт», «Ботлерс», «Ақмола бидай», «Рамадан», «Молоко Синегорье» серіктестіктері бар. Олар тұрақты жұмыс істемейді. Бірнеше ай жұмысын тоқтатады. Кейбір кәсіпорындар бүгінгі күні мүлдем жұмыс істемейді,–дейді Андрей Подгурский.
2020 жылдың соңына дейін өңдеуші өнеркәсіп саласында 5 жел электр станциясы, балмұздақ пен айран өндіретін цехтар, ірімшік өндіретін қондырғыны жаңарту, керамикалық кірпіш өндіретін цех, ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсететін сервистік орталық тәрізді жобалар пайдалануға беріліп, жалпы көлем индексін көбейтуге өз үлесін қоспақшы. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша Көкшетау қаласында 10 жоба, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бо-
йынша үш жоба мақұлданды. Бұл бағытта қала әкімдігі өкілетті органдармен бірге бұл жұмысты нығайтып, мүдделі кәсіпкерлерді аталмыш бағдарламаға қатысуға тартпақшы. Жыл басынан бері Көкшетау қаласының кәсіпорындарында 278 жұмыс орны құрылды. Бұл өткен жылғы сәйкес көрсеткіштен әжептәуір аз. Еңбекке орналастырудың жыл қорытындысы бо-йынша 730 жұмыс орны ашылмақшы. Шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелеу аясында мемлекет бір триллион
теңге бөлді. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша Көкшетау қаласында 29 жоба мақұлданды.
– Биылғы жылдың жарты жылдығында шағын кәсіпкерліктің тіркелген нысандарының саны 720 субъектіге азайып, 18,6 мыңды құрады. Оның ішінде шағын кәсіпкерліктің жұмыс істейтін субъектілерінің саны 15,1 мың болды. Бұл өткен жылғы сәйкес көрсеткіштен 1,6 па-йыз көп. Жыл басынан бері шағын бизнес субъектілерінің жұмысынан бюджетке 5,3 миллиард теңге түсті. Қала әкімдігі қалалық салық басқармасымен бірге жұмыс істемейтін кәсіпорындар санын қысқарту үшін кәсіпорын басшыларымен кездесіп, түсіндіру жұмысын жүргізді. Сондай-ақ, қалалық мемлекеттік кіріс басқармасы жұмыс істемейтін кәсіпорындарды сот арқылы жойды. Көкшетау қаласында нанды «Көкше нан», «Ақсай нан-Көкшетау НТК», «Көкшетау Нан зауыты» серіктестіктері тәрізді 7 наубайхана пісіреді. Дүкен сөрелеріне ұнның әр түрлі сұрпынан пісірілген нанның 25 түрі ұсынылады,–дейді Көкшетау қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Андрей Подгурский бізбен әңгімесінде.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.