Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Туристік әлеует күшейе бермекші - АРҚА АЖАРЫ

Туристік әлеует күшейе бермекші

Қазақстан экономикасын дамытудың басым бағыттарының бірі – демалыс және туризм индустриясы саласы. Сондай-ақ, туризм мемлекет әлеуетінің айнасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатпен шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығымен ерекшеленеді. Осы тұста, еліміздің туристік беделінің өсу мүмкіндіктері мол екеніне көз жеткізуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән табиғаты, тарихы, археологиялық қазбалары мен дәстүрлері бар.

Ақмола облысы туристік бизнесті дамытуға аса қолайлы аумақты алып жатыр. Бірегей табиғи-климаттық жағдайларымен – жартасты таулардың, қарағайлы орманның, ыңғайлы жағажайы бар көлдердің сұлулығы еліміздің ішкі туризмінің гүлденуіне ықпал етеді.
Өңірдің туристік әлеуеті көптеген туристерге жазда да, қыста да қызмет көрсетуге әзір. Бұл үшін тау-шаңғы базалары мен туристік бағыттар үздіксіз жұмыс істейді. Сонымен қатар, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымдық, экологиялық және спорттық туризмге үлкен мән беріледі.
Облыстың туристік кластеріне 700-ге жуық туристік кәсіпорын кіреді. Олардың ішінде 370 орналастыру нысаны, 45 санаториялық- курорттық мекеме, 179 жол бойындағы сервис субъектісі, туристік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар 68 турфирма мен «Көкшетау», «Бурабай», «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы, сонымен қатар, «Бурабай даму» серіктестігі мен Визит орталығы бар.
Туризм индустриясын дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында Щучинск-Бурабай курорттық аймағы Қазақстанның басым туристік аймағының ТОП-10-ына енгізілсе, Ресейдің беделді «ТурСтат» басылымының бағамына сәйкес, 2019 жылы «Бурабай» курорты ТМД елдерінің туристері арасындағы танымал курорттар рейтингісінің ең жоғары сатысына жетті.
Ағымдағы жылғы туристік ағын 813 мың адамды құрайды. 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 1,6 миллионға жетеді деген болжам бар. 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейінгі жазғы аралықта жергілікті шипажайлар 500 мыңнан астам туристерді қабылдап, сан алуан қызмет түрлерін ұсынады. Санаторийлер жұмысының кең желісі тәулігіне 9 мыңға жуық туристерді қабылдауға мүкіндік береді.
2019 жылдың 31 мамырында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілген болатын. Жергілікті деңгейдегі бағдарлама 3 нысаналы индикаторды, республикалық деңгейдегі ТОП-10 аумақты дамыту мен туристік дестинациялар мен объектілердің көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі 30 іс-шараны орындауды қамтиды. Бұл үшін жалпы сомасы 8077,0 миллион теңге қаржы қарастырылған. Тарқатыңқырап айтсақ, бағдарлама «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымы», «Курортты аймақты абаттандыру», «Экология», «Инвестиция тарту», «Өнім ұсынысын кеңейту және жетілдіру», басқа да жобаларды қарастырады. Бұған қоса, туристік бағыттар мен объектілердің көлікке қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстарды атқару көзделген.
Ақмола облысының Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған жоспарының III-кезеңі шеңберінде облыс әкімдігіне инженерлік инфрақұрылымды, көлік инфрақұрылымын дамыту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен жалпы туристік әлеуетті ілгерілету бойынша 27 іс-шара бекітілді.
Туристік инфрақұрылым нысандарының саны жыл сайын өсуде. Зәкір жобаларын жүзеге асыру Бурабай курортының дамуына үлкен септігін тигізеді. Бұған Үлкен Шабақты мен Текекөл көлдері арасында құны 100 миллиард теңгені құрайтын, 233 гектар аумақты алып жатқан «AQBURA Resort» курорттық аймағының құрылысын мысал ретінде айтуға болады. «Ақ Бура» отбасылық үлгідегі шипажай кешені өз жұмысын 2021 жылдың 31 желтоқсанында бастайды деп жоспарлануда.
Бурабай кентінде «BI-Group» ірі құрылыс холдингі қолға алған, құны 6 миллиард теңгені құрайтын зәкірлік жоба бар. Көпбейінді кешен променад аймағы бар қонақ үйді қамтиды. Жоба ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін екі кезеңде жүзеге асырылады. Кешен құрылысында 3 қабатты пәтерлер мен террасалары бар 2 қабатты таунхаустар болады. Бұдан бөлек, «Орленок», «Discovery Borovoe» спорттық-сауықтыру кешендерін қайта жаңарту барысында аквапарк құрылысы, қонақ үй мен ойын-сауық, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін салу, «Інжу» қонақ үйіндегі 3 жаңа бассейн құрылысы мен «Береке Бурабай» және «Жеке-Батыр» шипажайының жаңа ғимаратын салу жұмыстары аяқталуда. Сондай-ақ, «Бурабай» Визит орталығы ЖШС аумағында биіктігі 42 метрді құрайтын жаңа айналма шолу нысанының құрылысы басталды.

Ботакөз БАҚБЕРГЕН,
Еуразия Ұлттық университеті
журналистика факультетінің студенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар