Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында елімізде жемқорлықтың дендеп кеткенін, мұның қоғамға қауіпті дерт екенін айтқан болатын. «Жыл сайын Қазақстанда орташа есеппен 2 мыңнан астам сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс тіркеледі екен. Мыңнан аса адам жауапқа тартылады. Бұл – батпандап кіріп, мысқылдап шығатын кесел. Осы ауруды қазір шұғыл түрде емдемесек, ертең кеш болуы мүмкін» деген еді Мемлекет басшысы.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы болып, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Сондықтан да, осы кеселмен күресу Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып отыр.
Бұл дерттен арылу жолын жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек. Ол үшін жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпараттарды дұрыс жеткізу керек, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына және орындауына көмектесу қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасамайды.
Қазіргі уақытта «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының қатарында 135 мүше бар. Бұл бастауыш партия ұйымдарының мүшелері партияның бағдарламалық және жарғылық мақсаттары мен міндеттерін халық арасында түсіндіруге белсенді қатысады, қызмет түрлері мен жұмыс формаларын жетілдіруге бағытталған бағыттар мен бастамаларды қолдайды. Мысалы, «Қазақстан кітапханалары», «Бірыңғай онлайн-кітапхана» партиялық жобалары аясында кітапханалардың жұмысын мәдени-демалыс орталықтарына қайта қалыптастыру процесі өз нәтижесін берді. Қазіргі уақытта облыста жұмыс істеп тұрған 70 модельді кітапхана бар, оның ішінде 47-сі ауылдық кітапхана.
Егер 2018 жылы облыс кітапханаларында 12 коворкинг-орталық болса, бүгінгі күні олардың саны – 21, сондай-ақ, биыл тағы бесеуін ашу жоспарда бар. Біреуі Жақсы ауданында, екеуі Көкшетау қаласында және екеуі Степногорскіде болмақ.
Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік бағытында жоспарлы және жүйелі жұмыс жүргізуде. Басқарма фойесінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы көрнекі ақпараттан тұратын стендтер орналастырылған. Басқарманың интернет-ресурсында нормативтік-құқықтық актілерді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын қамтитын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» бөлімі жұмыс істейді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметі туралы материалдар, мәдениет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің көрінісіне өзінің азаматтық ұстанымын білдіру үшін «1424» Call-орталығы іске қосылды. Және де сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша 9 бейнеролик жарияланды, нақты айтқанда: «Біз сатылмаймыз», «Сыбайлас жемқорлықты бірге жеңуге болады», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Табысты трансформация жолындағы парасаттылық», «Сіз адамдармен және адамдар үшін жұмыс істейсіз». Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры «Пара алма, пара берме» атты бейнефильм түсірді.
Басқарма сайтының «Мемлекеттік сатып алулар» бөлігінде жоспарланған мемлекеттік сатып алу жылдық жоспары жарияланған. Ведомствоға бағынысты бөлімшелердің сайттарында да солай, және билеттер мен жалға алу бағаларының прейскуранттары көрсетілген.
Басқарманың ресми интернет-ресурсында Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары орналастырылған. Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасы «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесі көмегімен www.elicense.kz порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігіне тұрақты мониторинг жүргізіледі. Бүгінгі күні облыс архивтері 5812 қызмет көрсетті, ағымдағы жылы рұқсат беруге өтінімдер түскен жоқ. Жыл сайын 20 мыңға жуық архивтік анықтама беріледі. Көрсетілетін қызметті алушылардан шағым түскен жоқ.
Соңғы кездері республика аумағында мәдениет саласында орын алған кейбір келеңсіз жағдайлар тұтастай алғанда мәдениеттің адал және парасатты қызметкерлерінің жұмысына күмән туғызып отыр. Бүгінде біз қоғамымыздың бірегейлігін анықтайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтап, көбейтуді қолдаймыз.
Төтенше жағдай аясында мәдениет қызметкерлері халыққа моральдық, рухани қолдауды қамтамасыз етуде. Халықты қолдауға Үкімет пен ел Президенті қабылдаған шаралар туралы жұртшылық арасында ақпараттық-түсіндіру, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша онлайн-форматта насихат жұмыстарын жүргізуде. «Біз біргеміз – Мы вместе», «Үйде болыңыз – Оставайтесь дома», «Дәрігерге алғыс айту – Спасибо врачам» акциялары мен «Карантинде қандай кітап оқисың» хэштегімен бейнероликтер түсіріліп, челлендждер ұйымдастырылды.
Облыстың мемлекеттік кітапханаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша материалдарды танымал етуге бағытталған бағдарлама жұмыс істейді. Әрбір кітапхана жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді, бұл дөңгелек үстелдер, дебаттар, тұрақты жұмыс істейтін ақпараттық көрмелер, құқықтық лекториялар. 2020 жылдың 1-ші тоқсанында облыс кітапханаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 40 іс-шара өткізілді, оған 600-ден астам адам қатысты.
Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында Р.Кунидің «Қып-қызыл ақша» спектаклі, Ақмола облыстық орыс драма театрында Ильф пен Петровтың шығармалары желісімен «Великий комбинатор» спектаклі тұрақты түрде көрсетіледі. Облыс музейлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта көрмелер әзірленді.
Гүлмира БЕКНАЗАРОВА,
Ақмола облысының мәдениет,
архивтер мен құжаттамалар
басқармасы басшысының
міндетін атқарушы.