Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Егінді өңір – Егіндікөл - АРҚА АЖАРЫ

Егінді өңір – Егіндікөл

Егіндікөл ауданының құрылғанына биыл елу жыл толып отыр. Тарихы «Краснознамен ауданы» атауымен байланысты бұл өлке ертеден облысымыздың астықты аудандарының бірі саналады.

1970 жылы мұнда алғаш тың игерушілер қоныстанған екен. «Елу жылда – ­ел жаңа» демекші, бүгінде Егіндікөлдің қатардан қалмай, барлық салаларда жақсы қарқынмен дамып келе жатқан жайы бар. Жуырда аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Бақыт Бейсембайқызымен болған әңгімемізде мерейлі дата қарсаңында ауданда біраз игілікті істер атқарылып жатқанын білдік. 1970 жылы мұнда алғаш тың игерушілер қоныстанған екен. «Елу жылда – ­ел жаңа» демекші, бүгінде Егіндікөлдің қатардан қалмай, барлық салаларда жақсы қарқынмен дамып келе жатқан жайы бар. Жуырда аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Бақыт Бейсембайқызымен болған әңгімемізде мерейлі дата қарсаңында ауданда біраз игілікті істер атқарылып жатқанын білдік. Атап айтсақ, аудандық мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Көп жылдан бері жөндеу көрмеген ғимараттың шатыры түгелдей ауыстырылып, мәдениет үйінің ауласы абаттандырылуда. Сонымен қатар, ғимараттың жанынан жаңадан ангар типтес спортзал салынып жатыр. Аудан орталығындағы стадион да жаңартылып, ауылішілік жолдарға асфальт төселуде. Бұл жұмыстардың басы-қасында жүрген аудан әкімі Ерлан Исабековке тұрғындар дән риза. Әлбетте, аудан көркейсе, тұрғындардың да көңілі жайлы болмақ. ­–Ауданымыз жыл санап көркейіп келеді. Биылғы жыл біз үшін ерекше. Әлемді шарпыған пандемияға қарамастан, аудан бойынша көптеген жұмыстар істеліп жатыр. Білім ошақтары жөнделуде. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, осы арада ауданымызды ілгері бастап келе жатқан әкіміміз Ерлан Шойұлының еңбегін ерекше атап өткім келеді. Әкім ардагерлердің әр бастамасын қолдап отырады. Аудан мерейтойына орай аудан тарихы, жақсы-жайсаңдары жайлы кітап шығарамыз деген ойымыз бар. Алдағы тамыз айының сегізінде ауданның елу жылдығын атап өтуді жоспарлап қойғанбыз. Алайда, оның бәрі өңіріміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ. Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – деген зейнеткер Бақыт Әмірханова телефон желісі арқылы өрбіген әңгіме барысында жолдасы Қанат Әмірхановтың ауданның елу жылдық мерейтойына арнап жазған «Егінді елім еңселі» атты өлеңін оқып берді: Шалғайдамыз Егіндікөл жерінде,Қаз-үйрегі қаңқылдаған көлінде.Ерлері бар жарқын жүзді жайдары,Ерен еңбек жасап жатқан елінде.
Егіндікөл егіні мол жайқалған,Сапалы дән сұрыптаудан байқалған.Тарихы бар тыңнан басын алатын,Ерлері бар елге үлгі болатын.
Жарты ғасыр, 50 жылда ел жаңа,Ел ағасы, сонда туған жас бала.Жер қорғаған ардагерлер Отаны,Есімдері ескерткіште, ортада.Ұландарым ер бабалар ұрпағы,Қобыланды, Қажымұқандай арқалы.Әл-Фараби ақыл-ойдың ақ таңы,Ұлы Абай халқымыздың мақтаны.
Ауданымның ашылатын қыры бар,Ұштасатын жаңа күнмен сыры бар.Кіші болып көрінгенмен сырт көзге,Әр көңілден төгілетін нұры бар.
Басшы елмен тіл табыса біледі,Халық оның абыройлы тірегі.Ауданымыз әр жыл сайын жаңарып,Баршамызға бақыт сыйлап келеді.Осы арада айта кетсек, Бақыт Бейсембайқызы осы ауданның байырғы тұрғыны. Көп жыл білім беру саласында жемісті қызмет атқарған, мектеп директоры болған. Сегіз жылдан бері аудандық ардагерлер кеңесіне төрайымдық етеді, сонымен қатар, аудан әкімінің кеңесшісі. Жасы 76-ға келгеніне қарамастан, ауданның қоғамдық-мәдени өміріне белсене араласады. Көп жыл аумақтық комиссияның басшысы болып қызмет атқарған жолдасы Қанат Сұлтанұлы екеуі үш қыз, бір ұл тәрбиелеп өсірген. Кейіпкеріміздің отбасы ­– аудандағы өнегелі отбасылардың бірі. Қыздары Сымбат Смайылова Егіндікөл аудандық мәдениет үйінің директоры. –Егіндікөлдің табиғаты егін өсіруге, мал шаруашылығымен айналысуға өте қолайлы. Тұрғындар осы игілікті жақсы пайдалана білуде. Бұрынғы, Жұлдыз деген кеңшардың орнында қазір ірі шаруа қожалықтары жұмыс істеуде. Жыл сайын біздің аудан мол өнім береді. «Орталық-Батыс» жолы елорда жақтан келіп, Арқалыққа дейін баруы керек. Осы жол біздің аудан арқылы салынбақшы. Егер, жол салынса, біз «Орталық-Батыс» жолының бойындағы ең үлкен аймақ боламыз деген үмітіміз бар, – дейді Бақыт Әмірханова.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Егіндікөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар