Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көлік логистикасы – экономиканың күретамыры - АРҚА АЖАРЫ

Көлік логистикасы – экономиканың күретамыры

2 тамыз – көлік қызметкерлерінің күні

Транспорттық кешен отандық экономиканың шешуші әрі стратегиялық саласының бірі болып табылады, халықаралық және өңіраралық байланысты дамытуда еліміздің өнеркәсіптік және технологиялық әлеуетін нығайтуға зор үлесін қосады.

Арсен ЖАНҒАСҚАНОВ,
Ақмола облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Ақмола облысының аумағында жолаушылар 212 бағыттағы автокөлікпен тасымалданады. Оның 63-і қалаішілік, 31-і қала маңындағы, 59-ы ауданаралық, 33-і ауданішілік, 19-ы облысаралық және 7-уі халықаралық бағыттар. Сондай-ақ, 55-і әлеуметтік маңызды бағыттар болып табылады. Оның ішінде 44 қалалық, 1 қала маңындағы, 10 ауданішілік бағыттар бар. 2020 жылға әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша тасымалдайтын тасымалдаушылардың шығынын субсидиялауға 287 миллион теңге қарастырылды. Бұл бағыттарға 112 тасымалдаушы қызмет көрсетеді. Оның 17-сі қалалық, 38-і қала маңындағы, 44-і ауданаралық, 30-ы ауданішілік, 13-і облысаралық және 11-і халықаралық автобус бағыттарына қызмет көрсетеді.
Ақмола облысының орталығы – Көкшетау қаласына Степногорск қаласы мен 14 аудан орталығынан тікелей автобус қатынайды. Ақмол, Егіндікөл, Қорғалжын аудандарының жолаушылары автобусқа Нұр-Сұлтан қаласынан отырады. Көкшетау, Щучинск, Степногорск қалаларында автовокзал, Атбасар мен Макинск қалаларында автостанция, Ақкөл, Степняк, Ерейментау қалалары мен Астрахан, Есіл, Балкашин, Қорғалжын, Бурабай, Жақсы кенттерінде бекеттер жұмыс істеп, жолаушыларға қызмет көрсетеді. Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан қаласына Көкшетау, Степногорск қалаларынан және барлық аудан орталықтарынан тікелей автобус қатынайды. Тұрғындар саны 100 адамнан асатын Ақмола облысындағы 498 елді мекеннің 477 немесе 95,8 пайызы күнделікті жолаушы көлігі қатынасымен қамтылған. Өкінішке орай, COVID-19 пандемиясы жолаушы және жүк тасымалдау жұмысына кері әсерін тигізді. Статистикалық мәліметке сәйкес, тасымалданған жолаушылар саны 44,2 пайызға азайса, жүк тасымалдау көлемі 6,7 пайызға қысқарған.
Мәселен, биылғы жылдың 6 айында облыста жолаушы көлігімен 472 миллион адам тасымалданды. Бұл өткен жылғы сәйкес мерзімнен 55,8 пайызға аз. Облыстың жүк тасымалдау көлемі 52 349,1 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылғы сәйкес мерзімдегі көрсеткіштің 96,3 пайызын құрайды. Сондай-ақ, мемлекет COVID-19 пандемиясынан көп зардап шеккендер тізіміне енгізілген жолаушылар тасымалдау саласына қолдау көрсету шарасын жасауда. Қоғамдық көлік жұмысының сапасын жақсарту мақсатында Көкшетау мен Щучинск қалаларында «GPS/ГЛОНАСС» навигациялық құралы бойынша автобустарды диспетчерлік бақылау, Көкшетау қаласындағы қоғамдық көлікте электрондық билеттеу жобалары жүзеге асырылды. «Көкшетау автобус паркі» серіктестігінің автопаркі жаңартылды. Өткен жылы бұл автобус паркі 44 жаңа автобус сатып алды. «YUTONG ZK6108 HGH» маркалы автобус-
тар Қостанай қаласындағы «СарыАрқаАвтопром» серіктестігінің қазақстандық көлік өндіретін зауытында құрастырылған. Бұл тәжірибені одан әрі жалғастыру жоспарланды. Бүгінгі күні Степногорск пен Щучинск қалаларында электрондық билеттеуді енгізу мәселесі қарастырылуда. Сондай-ақ, биылғы жылы Көкшетау қаласының автопарктері мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында отандық автокөлік өндірушіден 50 автобус сатып алуды жоспарлауда. Биылғы жылы транспорттық инфрақұрылымның бірқатар нысандары, темір жол вокзалы мен әуежайдың қонақ үйі жөнделуде. Сондай-ақ, автовокзалдың сыртын жөндеу жоспарланған.
Бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы атынан өз әріптестерімді кәсіби мерекемен құттықтаймын. Көлік еңбеккерлері күні – бұл жүргізушілер мен жөндеушілердің, техниктер мен қызметшілердің, автокөлік пен жолаушы кәсіпорындары инженерлері мен басшыларының, салалық ғылым ғалымдары мен оқу орындары оқытушыларының мерекесі. Саланың алдында тұрған міндеттерді шешуде автокөлік, темір жол, авиациялық транспорт саласындағы мамандыққа өмірінің ең жақсы жылдарын арнаған ардагерлер тәжірибесі жоғары бағаланады. Жедел дамып келе жатқан транспорт саласы жағдайында сіздердің жұмысыңыз жауапкершілікті талап етеді. Жаңа әдіс пен өндірістік процесін оңтайландырудың резервін іздеуге итермелейді. Әр түрлі ауа райы мен тәуліктің кез-келген уақытында тасымалдаушылар жолаушылар мен жүктерді қауіпсіз әрі мерзімінде жеткізуі тиіс. Бүгінгі күні транспорттық тасымалдаусыз экономиканың тұрақты жұмыс істеуін және еліміздің, оның ішінде ақмолалықтардың жүз мыңдаған тұрғындарының күнделікті өмірін елестету мүмкін емес. Сіздер алдағы уақытта да уақытылы әрі үзіліссіз тасымалдауды қамтамасыз етіп, алға қойған міндеттерді ойдағыдай орындайсыздар деп сенемін. Жинақталған тәжірибе, даңқты еңбек дәстүрі, нақты мемлекеттік қолдау сіздердің алға қойған мақсаттарыңызға қол жеткізуге көмектеседі. Құрметті көлік саласының еңбеккерлері мен ардагерлері, сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасының және туыс-туғандарыңыздың амандығын, сондай-ақ, жол мен әуеде сәт сапар тілейміз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар