Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстанда көшеде міндетті түрде маска тағып жүру талабы бекітілді - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстанда көшеде міндетті түрде маска тағып жүру талабы бекітілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат. Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова 2020 жылдың 27 шілдесінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 26 маусымындағы №43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туарлы» жаңа қаулыға қол қойды. Жаңа ережеге сәйкес қазақстандықтар жабық нысандармен бірге көшеде және көлікте маска тағып жүруге міндеттелді.

Қаулыда көрсетілгендай, халық үшін мына жағдайларда маска тағуға міндеттеледі:

— жабық нысандарда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйымдар мен басқа жерлерде), сонымен бірге көлікте және көшеде жүргенде;

— COVID-19 ауруы бойынша күдікті адамға көмектесетін сау азаматтарға;

— коронавирус инфекциясына ұқсас ауру белгілері пайда болған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, жөтел немесе түшкіру);

Қаулының бұл бөлігі міндетті түрде орындалуға жатады. Бұл талап сақталмаған жағдайда кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар