Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тамыздың 17-сіне дейін карантин! - АРҚА АЖАРЫ

Тамыздың 17-сіне дейін карантин!

Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің ағымдағы жылдың 3 тамызындағы №95 қаулысына сәйкес өңірде коронавирус індетінің алдын алу мен таралуына жол бермеу мақсатындағы карантин тағы да екі аптаға ұзартылды.

Облыс тұрғындары өздерінің тұрып жатқан баспаналарынан шыққан кезде міндетті түрде маска тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы тиіс. Бес жасқа толмаған балалар мен жеке немесе топтық спортпен, яғни, бес адамнан көп емес жағдайда топтасып дене шынықтырумен шұғылданып жүрген азаматтар маска тақпауларына рұқсат етіледі, оның өзінде арақашықтық сақталуы тиіс. Сонымен бірге, қаулыда қоғамдық көліктерде, мейлі ол автобус, не болмаса ұшақ, пойыз, такси болсын, міндетті түрде маска тағу қажет деп көрсетілген. Жеке автокөлік иелеріне де маска тағу ұсынылады.

Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысында отбасылық, еске алу, мерей той секілді адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынады, үйге белгілі бір жағдайға орай қонақ шақыруға болмайды, тіпті көршілерді, таныстарды, туыстар мен әріптестерді де көптеп жинауға болмайды делінген. Жерлеу іс-шараларына отбасы мүшелері мен ең жақын адамдарға ғана, 30 адамнан аспай баруға рұқсат берілді, ол кезде де 2 метр арақашықтықты сақтау қажет.
Саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, басқа да демалыс орындарына серуендеуге рұқсат етілді, бірақ, ол жерлердегі ойын-сауық нысандарының жұмыс істеуіне болмайды. Соның өзінде серуенге кем дегенде 3 адам ғана шығып, әлеуметтік арақашықтықты сақтап жүру қажет әрі маска тағу ережелерін ескеру керек.
Облыс тұрғындарының барлығы да егер өздерінің денсаулығында респираторлы жұқпаның белгілері анықталып жатса, медициналық мекемеге бармай, бірден учаскелік дәрігерін шақыртып, медициналық көмек алуы тиіс. Дене қызуы 38 градустан асып кетсе, 103 нөміріне хабарласу арқылы жедел жәрдем қызметін шақыру қажет.
Сонымен бірге, бұл қаулыда санитарлық-дезинфекциялық талаптарды сақтау негізінде балабақшаларда кезекші топтардың жұмыс істеуіне рұқсат етілгендігі, алдын ала жазылу бойынша медициналық орталықтардың қызметіне кірісуіне рұқсат етілгендігі айтылады. Туристік нысандар жанындағы жағажайларда – қонақ үйлерде, санаторийлерде, демалыс үйлерінде, туристік базаларда, мобильдік топтардың зерттеуінен кейінгі дайындық актісіне сәйкес, санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, жұмыс істеулеріне рұқсат етілді.
Щучинск-Бурабай, Зеренді курорттық аймақтарына баруға салынған тыйым сақталады. Бұл аймақтарға арнайы берілген тізім негізінде санаторлық-сауықтыру мекемелерінде мемлекеттік тапсырыс бойынша ем алушыларға, «Визит Ақмола» электронды базасы арқылы тіркеліп, туристік нысанда нөмір алған туристерге өтуге болады. Курорттық аймаққа өту үшін оларда арнайы құжаттары болуы тиіс.
Туристік нысандардың жанындағы жағажайларға бару да шектелген, таңертеңгі 10.00-ден кешкі 20.00-ге дейін ғана рұқсат етіледі. Бұл рұқсат етілген шаралар мониторинг барысында егер санитарлық-карантиндік талаптарды бұзған жағдайда алынып тасталады.
Қоғамдық жағажайларға баруға салынған тыйым сақталады. Сонымен бірге, жағалаулардың аумағындағы 500 метрлік аралықта сауда-саттыққа жол берілмейді, яғни, балмұздақ, сусын, азық-түлік сату, көлге түсу құралдарын жалға беру секілді шараларға рұқсат етілмейді.
Қоғамдық көліктер карантин уақытында 21.00-ге дейін жүреді. Сондай-ақ, аймақ тұрғындарының кешкі 22.00-ден таңғы 06.00-ге дейін облыс аумағындағы елді мекендер арасында қатынауына тыйым салынады. Мекеме ішіндегі қоғамдық тамақтану орындары жанданады, бірақ, онда бір уақытта кем деген 30 адамға ғана қызмет көрсетілуі тиіс. Онда да үстелдердің арасында 2 метр арақашықтық сақтау қажет. Олардың жұмысы 10.00-ден кешкі 21.00-ге дейін.
Такси қызметі арқылы жолаушыларды тасымалдауда да шектеу бар, яғни, таксишілер екі адамнан көп алмауы қажет.
Мобильдік топтар арнайы санитарлық қызметтің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын облыс аумағында жалғастырып, мониторинг жүргізеді, қаулыдағы талаптарды сақтамаған азаматтар мен мекемелер жұмысын тоқтатып, айыппұлдар өтейтін болады. Облыс тұрғындарына қойылатын басты талап – маска тағу, әлеуметтік арақашықтықты әркез сақтау керек.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар