Биылғы оқу жылында «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Бұл заң білім беру құқығын қорғайды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппараттық кеңесінде министр А.Аймағамбетов педагогтардың құқықтарын қорғау жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті педагогтардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау бойынша әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді. Әртүрлі деңгейдегі кеңестерде департамент қызметкерлері білім беру бөлімдерінің басшыларын, колледж және мектеп директорларын педагогтарды өзіне тән емес жұмысқа тартуға жол берілмейтіндігі туралы хабардар етумен келеді.
Осы Заңның нормаларын, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің тапсырмаларын іске асыруда біз облыстық білім басқармасымен және облыстық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ комитетімен ортақ ұстанымдамыз. Күнделікті жұмыста заңнама нормаларын сақтау, «Педагог мәртебесі туралы» Заңды сөзсіз орындау басым бағытымыз болып табылады.
Серік АЛТАЕВ,
Ақмола облысының білім саласында
сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы.