Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Дене қызуым жоқ» деп уақыт өткізіп алмаңыз - АРҚА АЖАРЫ

«Дене қызуым жоқ» деп уақыт өткізіп алмаңыз

Тамағыңыз ауырып, мұрын бітіп, өзіңізді әлсіз сезінсеңіз, бірақ дене қызуы жоқ болса да, уақыт өткізуге болмайды.

Бұл туралы алматылық дәрігер инфекционист Тамара Утағанова онлайн брифинг барысында баяндады. Оның мәлімдеуінше, вирус жұқтырғандардың барлығында дене қызуы көтеріле бермейді. Аурудың белгісі әр адамда әртүрлі жағдайда сипат береді екен.
– «Симптомсыз келгендердің көбі өзін жақсы сезінеді, алайда рентген немесе компьютерлік томография кезінде олардан вирус анықталды. Егер адамдар өз денсаулығының нашарлағанын, өзін жайсыз сезінсе, вирусқа күдіктенсе, емханадағы дәрігерлерге немесе call-орталыққа қоңырау шалып, кеңес алғаны жөн. Дене қызуы болмаған соң, сырқатын елемегендердің көбі ауыр халде немесе орта ауыр деңгейде түсіп жатыр», – дейді дәрігер.
Сонымен қатар, ол қала тұрғындарына адам көп жиналатын жерлерге барудан бас тартып, иммундық жүйені көтеруге күш салу қажеттігін баса айтты. Одан бөлек, бей-берекет химиялық дәрілерді қабылдап, иммундық жүйені әлсіретпеген дұрыс. Тек созылмалы аурулары болған жағдайда ғана дәрігердің нұсқауымен дәрі қабылдап, емделгені дұрыс, – дейді дәрігер инфекционист. Әр адам өз иммунитетін көтеру үшін алдымен жеке гигиеналық тазалықты ұстанып, адамдар көп жиналатын жерден аулақ жүргені абзал. Бастысы, дұрыс тамақтанып, ұйқыны қандырған жөн екен. Аяқ-үсті емделмей, бауырларыңыз бен әріптестеріңіздің де денсаулығын ойласаңыз, үйде болып, оқшауланғаныңыз абзал.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар