Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сапа бар жерде сұраныс бар - АРҚА АЖАРЫ

Сапа бар жерде сұраныс бар

Елімізде коронавирус дертінің таралуы-на орай қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты «Тыныс» акционерлік қоғамы өкпені жасанды желдету аппараттары (ӨЖЖ) өндірісінің көлемін 15 еседен астам ұлғайтуға ниетті болып отыр.

– Биыл оларды өндіру жоспары 500 бұйым жиынтығына дейін ұлғайтылды, сондықтан бүгінде біздің жұмысшылар екі ауысымда еңбек етуде, – дейді «Тыныс» акционерлік қоғамының маркетинг бөлімінің бастығы Ерден Аюпов. – Бұған дейін зауыт жылына тек 30 жиынтық шығарғанын атап өткен жөн. Ақпан айынан бастап, коронавирус инфекциясы басталған кезде, бізге ӨЖЖ аппараттарын дайындауға келіп түскен өтінімдер саны күрт өсті. Біздің зауыт қажет болған жағдайда аталмыш аппараттардың 1000 бірлігіне дейін шығаруды жолға қоя алатынын баса айтқымыз келеді. Ал, егер белгіленген тәртіппен мұндай өтінімдер бізге және шетелден келіп түсетін болса, онда ӨЖЖ аппараттарының өндірісін біз қажетті көлемге дейін ұлғайта аламыз, – дейді ол. Айта кету керек, «Тыныс» акционерлік қоғамы республикада «Көкшетау-4П» ӨЖЖ аппараттарын шығаратын жалғыз кәсіпорын болып табылады, ол жедел жәрдем машинасында да, қарқынды терапия палаталарында да өкпені желдету үшін функционалдық мүмкіндіктердің кең спектріне ие. Сонымен қатар, кәсіпорын көп реттік медициналық маскалар өндірісін де игерді. Олар бүгінде Ақмола облысының көптеген мемлекеттік мекемелері мен жеке кәсіпорындарымен қамтамасыз етілген.
– Қазіргі уақытта елімізде коронавирус індетінің салдарынан ӨЖЖ аппараттарына қажеттіліктің артуына байланысты біз жаңа элементтік базада компьютерді басқару блогы бар стационарлық үлгідегі аппараттарды шығаруды жолға қою үшін «Көкшетау 4П» портативті аппараттарын жаңғырту бойынша жұмысты бастадық, –дейді «Тыныс» акционерлік қоғамының конструкторлық бюросының бастығы Сергей Юдин.
– Біздің зауыт Үндістан және Қытай серіктестерімен ынтымақтастық орнатып, шарттар жасады. Атап айтқанда, біз Үндістаннан сатып алынған екі стационарлық ӨЖЖ аппараттарының оларды егжей-тегжейлі зерделеу және Қазақстанның медициналық мекемелері базасында клиникалық сынақтар жүргізу үшін келіп түсуін күтіп жүрміз. Келесі жылы жаңғырту процесі аяқталғаннан кейін және барлық қажетті процедуралардан өткеннен кейін біз бүгін республикамыз үшін қажетті өнімді іске қосуды және сериялық өндіруді жолға қоямыз деп үміттенеміз.
Зауыттың ӨЖЖ аппараттарын өндіру бойынша серіктестері Көкшетау қаласында да бар. Мәселен, жергілікті жоғары техникалық колледж өзінің әлеуметтік серіктесі «Тыныс» акционерлік қоғамының коллектордың ИВЛ-корпусы аппаратының негізгі тораптарының бірін дайындау және өңдеу туралы ұсынысын қабылдады. Бір аппаратты дайындау уақытын қысқарту үшін зауыт басшылығы колледжге заманауи HAAS өңдеу орталықтарымен жабдықталған оқу-өндірістік орталықта коллектор корпусын дайындау туралы ұсыныс жасады. Қазіргі таңда корпусты өңдеу бағдарламасын жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде және бұл процесті зауыттың аға инженер-технологы Владимир Шевченко қадағалайды.
– Коллектор корпусын түпкілікті өңдеу мен дайындаудан және зауыттың техникалық бақылау бөлімінің қорытындысынан кейін оқу-өндірістік орталықта сериялық шығарылым жолға қойылады, бұл аппарат өндірісіне кететін уақытты едәуір қысқартады, – дейді колледж директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары
Нартай Ыбыраев.
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар