Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құт қамба ырыздық дәніне толсын - АРҚА АЖАРЫ

Құт қамба ырыздық дәніне толсын

Сарыарқаның төріндегі қуатты аграрлы өңір саналатын Ақмола облысы соңғы жылдары аграрлық-индустриялық бағыт ұстанып отыр. Қоғамдық өмірдегі елеулі сілкіністерді, экономикалық және қаржылық дағдарыстарды еңсере білген өңір еңбекшілері Мемлекет басшысы алға қойған тапсырмаларды, маңызды бағдарламалар мен индустриялық-инновациялық жобаларды табысты атқарып келеді.

Ғалымжан Әбдіхалықов,
Ақмола облысы әкімінің орынбасары

Ауыл шаруашылығы облысымыздың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жақсартудың негізгі көзі. Бұл орайда Қазақстан бренді саналатын егіншілік саласы маңызды орын алады. Биыл облысымызда 4905,9 мың гектар алқапқа жаздық дақылдар тұқымы себіліп, ел ырыздығы шашаусыз жинап алынады. Осы ретте, негізгі азық-түлік дақылы жаздық бидай 3698 мың гектарды құрайтынын айтқым келеді. Жекелей атасақ, іріктелген арпа тұқымы 651,6 мың гектарға, сұлы 60 мың гектарға себілді. Сондай-ақ, тары, қарақұмық, ноқат, бұршақ, майбұршақ және жасымық дақылдары да егілген. Шаруашылықтар егіншілікті әртараптандыруды дәстүрге айналдырып, 4447,1 мың гектарға бұршақ дақылдарын өсіріп отыр. Бұл былтырғы көлемнен біршама артық көрсеткіш. Бұған қоса, егіншілер 239,1 мың гектар майлы дақылдардан, 442,6 мың гектар мал азығындық өскіндерден, 16 мың гектар картоп пен 3500 гектар көкөністер алқабынан көңілдегідей өнім жинауда.

Егістіктің бүгінгі жай-күйіне тоқталсақ, өңір тәуекелдік сипаттағы аймақта екендігін еске салғым келеді. Ауа райының күрделі болғанын баршаңыз білесіздер. Соған қарамастан, жауын-шашынның түсуі нәтижесінде, соңғы уақытта дақылдардың өсіп-өнуі едәуір жақсарды.
Бұған күзгі жер жыртудан бастап оны өңдеудің технологиялық жиынтығы сақталғаны игі әсерін тигізді. Мұнда ылғал сақтау, топырақтың құнарлылығын жоғалтып алмау шаралары бірінші кезекте ұсталды.
Жалпы, мониторингтік талдау бойынша, қазіргі уақытта 2791,2 мың гектар дәнді және бұршақ дақылдары алқабының 62,8 пайызының жай-күйі жақсы деп бағалануда. Ал, 1533 мың гектары (34,5 пайызы) қанағаттанарлық жағдайда. Сондай-ақ, майлы дақылдардың 61,3 пайызына жақсы, 90,8 пайызына қанғаттанарлық баға берілуде. Осының өзі аталған дақылдардан ойдағыдай өнім алуға болады деген үмітті нықтай түседі. Сөз реті келгенде, Атбасар және Жақсы аудандарында бұрын болмаған жағдай орын алып, ақбөкендер 16 мың гектарға жуық егістік алқабын таптап кеткенін айта кеткім келеді.
Жоғарыда аталғандай, биыл егінге күтім жасау және сүдігер жерлерді өңдеу ісіне айрықша көңіл бөлінді. Мәселен, 3,8 миллион гектарда химиялық өңдеу жұмыстары жоспарланса, бұл іс 102,3 пайыз деңгейінде орындалды. Мұнда қосжарнақтыларға қарсы 2,5 миллион гектар, арамшөптерге қарсы 1,3 миллион гектар жерлер химиялық тәсілмен өңделді. Зиянкестермен күреске бюджеттен 49,9 миллион теңге бөлініп, үйірлі емес шегірткеге қарсы ықпалды шаралар толығымен орындалды. Бұдан басқа, республикалық бюджет есебінен 10,4 мың гектар егістік итальяндық прусқа қарсы дәрілермен залалсыздандырылды. Қазіргі күні, облыс шаруашылықтары сүдігер жерлерді өңдеуде белсенді қимыл танытуда. Биылғы 4 тамыздағы жағдай бойынша 758,7 мың гектар алқап агротехникалық шаралармен қамтылды. Бұл былтырғы көлемнен 37,1 мың гектарға артық. Сонымен қатар, 777,6 гектар алқап екінші ізбен, ал 757,4 мың гектары үшінші ізбен өңделіп, жоспар асыра орындалды.
Жергілікті тауар өндірушілер 61,3 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алуға келісім-шарттар жасасты, мұның 52,3 мың тоннасы 1300 гектар алқапқа орналастырылды. Аталған жұмыс жалғасуда.
Бұл мақсаттағы жұмыстар мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр. Ағымдағы жылы тыңайтқыштарды субсидиялауға 4,1 миллиард теңге, дәнді дақылдар тұқымына 659,2 миллион теңге бөлініп, толық игерілді. Әйткенмен, қаржы қаражатындағы тапшылық 149,1 миллион теңге көлемінде сақталып отырғанын айта кету керек.
Пестицидтерді субсидиялау бағдарламасы да талап деңгейінде деуіміз қажет. Бұл мақсатқа 8,8 миллиард теңге бөлініп, ай сайынғы кесте бойынша жеткізілуде. Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы басқармасы осы іске қатысты 3780 өтінімді мақұлдап отыр. Мұнда да қаржы тапшылығы 2 миллиард теңгенің көлемінде.
Облыс аграршылары машина-трактор паркін жаңғыртуда нысаналы жұмыстар атқаруда. Биылғы жылдың өнімін жинауға 8100 астық комбайны, мұның 3660-ы жоғары өнімді заманауи техника және 2473 бірлік дестелегіш қатысады. Техниканың дайындығы 100 пайызды құрап отыр.
Өңір бойынша, соңғы үш жыл мен биылғы 6 айда 929 комбайн, 1095 трактор және 269 дана егіс кешені сатып алынды. Алғашқы жарты жылдықта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 17,9 миллиард теңгенің 327 бірлік техникасына ие болды. Бұл мақсаттағы жұмыс та жалғасын табуда.
Күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 74,7 мың тонна дизель отыны, 4,4 мың тонна дизель майы және 6,8 мың тонна автомобиль бензині қажет. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі облысқа 73 мың тонна дизель отынының кепілдендірілген көлемін бөлді. Бұл өнімдер Павлодар және Шымкент мұнай өнімдері зауыттарынан тамыз, қыркүйек, қазан айларына бекітілген кесте бойынша жеткізіліп отырылады.
Өлшеусіз қажыр-қайратпен өсірілген алтын астықты дер кезінде жинап, мұқият сақтауда астық қабылдау кәсіпорындарына үлкен міндеттер жүктеледі. Ағымдағы жылғы астықты қабылдауға қолданыстағы әрі арнайы лицензияланған 66 кәсіпорын жұмылдырылады. Бұлардың жалпы сақтау сыйымдылығы 4,1 миллион тоннаны (элеваторлар – 2,8 миллион тонна және қоймалар 1,3 миллион тонна) құрайды. Бұл тұрғыда біз республика облыстарының алғы сапында тұрмыз. Айтылғандарға қосымша, жергілікті ауыл шаруашылығы құрылымдарында шамамен 2 миллион тонналық астық қоймалары науқанға дайын тұр. Таратыңқырап айтсақ, облыс көлемінде тәуліктік өнімділігі 100 мың тоннадан асатын 240 астық кептіргіш бар. Мақсат – осы қуаттарды тиімді пайдалану.
Сөзімнің соңында, «Игілікті адамдар жасайды» деген нақылды алға шығарғым келеді. Қазақстандағы сапалы астықтың төртінші бөлігін дайындап отырған Ақмола диқандарының өнегелі де бай тәжірибесі бар. Біз өз ісіне берілген майталмандардың маңызды науқанда қажырлы еңбек, зор жауапкершілік танытатынына сенеміз.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар