Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Игілікті істердің жемісі оң өзгерістерден байқалады - АРҚА АЖАРЫ

Игілікті істердің жемісі оң өзгерістерден байқалады

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Аршалы ауданында біраз жұмыстар атқарылып келеді. Ең бастысы, әлеуметтік нысандар жөнделіп, жолдар салынуда және су құбырлары тартылып, көшелер жарықтандырылуда.

Бұл игілікті істерді жүзеге асыру барысында жаңа жұмыс орындары ашылуда. Аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Абай Қажетов өз сөзінде биылғы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында Аршалы ауданындағы мәдениет ошақтарын жөндеуге республикалық бюджеттен 83 миллион теңге бөлінгенін айтты. Мәселен, аудан орталығындағы мәдениет үйін ағымдағы жөндеуге 55 миллион теңге қарастырылыпты. Михайловка селосында 14,5 миллион теңгеге клуб жөнделген. Сондай-ақ, Константиновкадағы село клубын жөндеуге 12,6 миллион теңге бөлінді. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 13 адам жұмысқа орналасып, құрылыс нысандарында еңбек етеді.
Бұдан бөлек, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға қатысты да көп жұмыс атқарылуда. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 95 миллион
теңге бөлініпті. Ол Жібек жолы, Жалтыркөл елді мекендерін көркейтуге бағытталады. Бүгінгі таңда Жібек жолы ауылында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жұмысы аяқталуға жақын. Биыл бұған 1 миллиард теңге бөлінді. Оның 380 миллионы 7 шақырым жолды жөндеуге жұмсалады. Сондай-ақ, электр тарату желілерінің құрылысы мен су құбырын тарту жұмысы да жүргізіледі. Мердігер Азамат Құсайыновтың айтуынша, қазір электрмен жабдықтауға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның жартысынан астамы орындалыпты. Осы айдың соңына дейін толық аяқталмақшы. Ұзындығы 35 шақырымды құрайтын көше-жол желілерінің құрылысына Халықаралық құрылыс консорциуымымен келісім-шарт жасалған.
Былтырғы жылы 20 шақырым жол жөнделіпті. Үшінші және төртінші шағын аудандарда электр тарату желілерінің нысанында жұмыс жүріп жатыр. Сондай-ақ, асфальт төсеу жұмысы қолға алынған.

Боранбай КӨМЕКЕЙ.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар