Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Анемия – ағзадағы қанның аздығы - АРҚА АЖАРЫ

Анемия – ағзадағы қанның аздығы

Гемоглобин – қандағы темір құрамдас маңызды ақуыз болып табылады. Оның жетіспеушілігі иммундық жүйенің әлсіреуіне, есте сақтау қабілетінің және денедегі күш-қуаттың төмендеуіне алып келеді. Гемоглобині аз науқастар жедел респираторлық вирустық инфекция секілді түрлі вирустық ауруларға бейім келеді.

Адамда қандағы гемоглобиннің қалыпты мөлшері ерлерде – 140-160 г/л, әйелдерде – 120-140 г/л, балаларда – 110-130 г/л болуы керек. Қандағы гемоглобин оттегіні және көмірқышқыл газын тасымалдауға қатысып, рН-балансын ұстап тұрады.
Ал, анемия немесе қарапайым тілмен айтқанда қан аздық дегеніміз, оттегіні тасымалдайтын қызыл қан клеткаларының (эритроциттердің) немесе оттегіні тасымалдаушы негізгі ақуыз мөлшерінің белгілі бір деңгейден төмендеуі болып табылады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, қандағы гемоглобині аз науқастар вирустық аурулармен, сондай-ақ, туберкулезбен де ауырып қалуы ықтимал. Туберкулезбен ауыратын науқастарда қан аздық жиі кездеседі. Мәселен, туберкулезі бар 532 науқасты тексергенде 384-інде немесе 73,4 пайызында гемоглобин мөлшері төмен болды.
Осы ретте, жүкті және бала емізетін, етеккірі ұзақ әрі көп келетін әйелдер, вегетериандықтар, жеңіл сіңірілетін темірді аз тұтынатын адамдар, асқазан-ішек жолдарының созылмалы ауруларына шалдыққан науқастар, сиыр сүтін күніне 500-750 мл көп ішетін балалар (сүттің құрамында темір аз және ол ішекте темірдің сіңуін тежейді) анемияға шалдығу қаупі бар топқа жатады. Темір жетіспеушілігі анемиясы кешенді физикалық жүктеме, мұрыннан жиі қан ағу кезінде пайда болуы мүмкін.
Бұл ауру түрінің алдын алу үшін алдымен, дұрыс тамақтану қажет. Органдардың дұрыс жұмыс істеуі қанға түсетін дәрумендердің балансына тікелей байланысты. Анемияны болдырмау үшін құрамында ақуызы бар тағамдарды көбірек тұтынған жөн. Ондай тағамдарға ет, түрлі ботқалар, жеміс-жидек, шырындар жатады. Бұдан бөлек, шылым шегу, ішімдік ішу секілді зиянды әдеттерден арылып, салауатты өмір салтын ұстанған абзал.
Анемияны ерте сатысында емдеген анағұрлым жеңілірек. Сондықтан, жылына бір реттен кем емес қан сараптамасын жасату керек. Осылай сіз гемоглобин балансы бұзылуының алғашқы белгілерін анықтай аласыз. Есіңізде болсын, денсаулығыңызды сақтау өз қолыңызда!
Айсұлу ТАСЖАНОВА,
Қ.Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бірінші санатты дәрігер-лаборанты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар