Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Коронавирусты анықтайтын жаңа әдіс табылды - АРҚА АЖАРЫ

Коронавирусты анықтайтын жаңа әдіс табылды

Әлем халқын толғандырып отырған індетті анықтаудың әдістерін ғалымдар жан-жақты зерттеуде. Енді ел тұрғындарын коронавирусқа екі аптаның ішінде тексеріп шығуға болатын әдіс анықталды. Елордада індетті анықтауға арналған жаңа аппаратты сынақтан өткізу жоспарланып отыр.

Тест-жүйесін жасаған ғалымдар бұл әдіс тез әрі арзан екенін айтады. Олар лицензиялау жұмыстарын бітіріп, заңды түрде рұқсат алғаннан кейін сынақты бастамақшы. Бұл кәдімгі алкотестер құрылғысына ұқсайды. Адам түтікшеге демалады, егер ағзасында коронавирус болса, наносенсорда ол үлкейіп көрінеді. Екі минуттың ішінде қорытындысы белгілі болады екен. Құрылғы алдымен елорданың ауруханаларында сынақтан өтпек.
Құрылғыны Финляндия астанасындағы зертхананың бірінде жасаған. Профессор, физика маманы Ристо Ораваның жетекшілігімен 30 инженер және дәрігер еңбек етіпті. Олардың арасында қазақстандық жас ғалым Бақтияр Әжкен де бар екен.
– Вирус ағзаға енген сәтте организм өзінің иммундық жүйесін іске қосып, қорғана бастайды. Реакция кезінде ақуыздар мен химиялық қосылыстар түзіледі. Оны сенсорда анықтауға болады. Яғни, коронавирус жұқтырған адамның демі мен сау адамның демінде айырмашылық болады, –дейді жас ғалым Бақтияр Әжкен.
Бақтияр өңеш рагын ерте анықтайтын әдіс ойлап тапқан. Өткен жылы халықаралық конкурста үшінші орын алыпты. Жас ғалым әлемдік медицинаға өз үлесін қосуда.
Жаңа құрылғыны Хельсинкиде сынап көрген мамандар оның нәтижесіне таң қалыпты. Адам ағзасындағы вирусты 99,9 пайызға дәл анықтап берген. Тек вирус емес, антиденені де көрсетеді екен.
– ПТР-тестің дәлдігі 95 пайыз деп айтып жүр. Ал, іс жүзінде 75-80 пайыз болады. Ал, біздің жаңа әдіс 95 пайызға дейін анықтап береді. Ол жасанды интеллектіге байланыс-ты. Жалпы, 99 пайызға жеткізбекшіміз. Бұл құрылғы қант диабетін анықтау үшін жасалған еді. Қазіргі жағдайға байланысты оны өзгерттік. Болашақта онкологияны анықтау үшін қолдануға да болады, – дейді қазақстандық ғалым.
Тест жүйесі жеке ғылыми-зерттеу институтының зертханасында жасалса, оның негізін қалаушы Кристиан Тейдердің айтуынша, құрылғыны сынақтан өткізгісі келетін ел көп. Орта Азия елдеріне тарататын ортақ ел ретінде Қазақстанды таңдап, алғашқы партиясын дайындап қойған. Тест бағасы шамамен 2 мың теңге болады. Жоба авторлары бағаны өздері бақылауда ұстамақшы. Егер жергілікті өндірушілер қалтаның қамын ойлап, келісімді бұзса, құрылғыны жасау құқығын қайтып аламыз деп отыр.
Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар