Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қылшақты өзенін тазарту жұмыстары қолға алынды - АРҚА АЖАРЫ

Қылшақты өзенін тазарту жұмыстары қолға алынды

Облыс орталығындағы Қопа көлі мен Қылшақты өзенінің бетін жылдан-жылға өсімдік басып, қамыс көбейіп барады. Бұл өз кезегінде судың ластануы мен қалдықтардың жиналуына әкеліп соғуда.

Бұл мәселені шешу үшін облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мамандары арнайы жоба бойынша жұмыс істеуде. Қопа көлінің санитарлық-экологиялық жағдайы көбіне Қылшақты өзеніндегі ахуалға байланысты. Мамандар өзен арнасын су асты өсімдіктерінен тазартуға ерекше назар аударуда. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы басшысының орынбасары Болат Тоқышев өз сөзінде өзенді тазалау жөнінде жоба әзірлегендерін айтты. Жоба 5 бөлікке бөліп, әр учаске бойынша жұмыс атқарылуда. Ол «Аққу» балабақшасы мен Ғабдуллин көшесіне дейінгі аралық. Өзеннің іші тазартылып, тұнба қалдықтары шығарылуда. Аталған учаскеде 15 адам және 3 техника жұмыс істейді.
Мердігер Максим Карбушевтің айтуынша, тазарту жұмысы үстіміздегі жылдың қыркүйек айында аяқталмақ. Бүгінгі күні бұл жұмыстың 40 пайызы атқарылған. Өзен түбіндегі лас қалдықтар алынады. Дәл қазір жұмыс М.Ғабдуллин көшесі мен Абылай хан даңғылы арасындағы учаскеде жүргізілуде. Бүгінгі таңда шамамен 2 мың текше метр топырақ шығарылды. Өзенді су өсімдіктерінен тазарту үшін қамысты шабатын техника сатып алынды. Беларусь елінің технологиясы жұмысты әлдеқайда жеңілдетті,–дейді мердігер бізбен әңгімесінде.
Инженер Әділ Әбжанов судағы шөпті шабуға арналған «ЛК-12А» құрылғысы жөнінде айтып берді. Оның өнімділігі сағатына 0,8 гектарға дейін жетеді екен. Ендігі кезекте Қылшақты өзенінің өзге учаскелерін тазарту жоспарлануда. Мамандардың пікірінше, жобаны жүзеге асыру облыс орталығындағы экологиялық жағдайды, сондай-ақ, өзен жағалауының рекреациялық әлеуетін едәуір жақсартады.
Боранбай КӨМЕКЕЙ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар