Соңғы күндері коронавирусқа шалдыққан кейбір балаларда Кавасаки деп аталатын синдром анықталып жатқаны туралы ақпараттар кеңінен таралуда. Өкінішке орай, аталған диагноз қойылған науқас балалар біздің елімізде де бар.
Дәрігерлердің айтуынша, Кавасаки синдромы бұл сирек кездесетін, жедел жүйелі ауру, орта және кіші артериялардың зақымдалуымен сипатталады. Синдромның негізгі белгілері аяқтың ісінуі, көздің қызаруы, диарея, құсу сияқты жағдайлармен байланысты болып келеді. Коронавирус инфекциясы ересектерде тромбоэмболияны тудыруы мүмкін, ал, балаларда Кавасаки синдромын өршітеді екен. Ауру дене қызуын көтеріп, әлсіздік пен аяқ-қолда аллергия сияқты бөртпе пайда болады. Жүрек соғысы да жиілей түседі. Дәрігерлердің айтуынша, Кавасаки синдромы бұл сирек кездесетін, жедел жүйелі ауру, орта және кіші артериялардың зақымдалуымен сипатталады. Синдромның негізгі белгілері аяқтың ісінуі, көздің қызаруы, диарея, құсу сияқты жағдайлармен байланысты болып келеді. Коронавирус инфекциясы ересектерде тромбоэмболияны тудыруы мүмкін, ал, балаларда Кавасаки синдромын өршітеді екен. Ауру дене қызуын көтеріп, әлсіздік пен аяқ-қолда аллергия сияқты бөртпе пайда болады. Жүрек соғысы да жиілей түседі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 13 нау-рыздан бастап елімізде 2257 бала коронавирус инфекциясына шалдыққан. 114 бала әлі ем қабылдауда. Нұр-Сұлтан, Алматы және Петропавл қалаларында тұратын үш балада COVID-19 вирусының салдарынан жоғарыда аталған Кавасаки синдромы пайда болған. Қазіргі таңда елордалық науқастың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.