Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
18 тамыз – Шекарашылар күні - АРҚА АЖАРЫ

18 тамыз – Шекарашылар күні

Отан тыныштығының берік күзетінде

Биыл Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің құрылғанына 28 жыл. Яғни, еліміздің шекарасын қорғаушылар өздерінің кәсіби мерекелерін 28-ші рет атап өткелі отыр.

1992 жылдың 18 тамызында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Шекара жасағын құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Өздерінің кәсіби мерекелерінің қарсаңында осы саланың барлық әскери қызметкерлеріне басшылық қауым өздерінің құттықтауларын жеткізіп, шекара жасағы бөлімшелерінің әскери шерулері өтеді.
Ақмола облылысындағы Зеренді, Бурабай секілді курортты аймақтар көпшілікке жақсы таныс.Табиғаттың осынау «інжу-маржаны» біздің өлкеде орналасқанына, осындай кербез сұлу жеріміздің барына кеудемізді мақтаныш сезімі кернейді. Ну орманы, суы мол көлдері Көкшетау жеріне дейін созылып жатқан Бурабайдың көрікті жерлері табиғатты одан да ажарландырады. Бұл өңір географиялық орналасуы жағынан басқа мемлекеттермен шекаралас болмаса да, осы аймақты жасыл қалпақ киген әскери азаматтарымыз қорғап жүреді.
«Көкшетау» халықаралық бақылау-өткізу пункті Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің бақылау-өткізу пункттері арасында кейін құрылған бөлімшелердің бірі саналады. «Көкшетау» шекаралық бақылау бөлімшесі өз жұмысын 2014 жылдың мамыр айында бастады.
Көкшетау қаласы Бурабай курортты аймағына жақын орналасқандықтан, мұнда да жыл сайын туристер көп ағылады. Халықаралық рейстердің ішінен «Мәскеу-Көкшетау-Мәскеу» рейсі мен чартерлік рейстер ғана қызмет көрсетуіне қарамастан, Мәскеу арқылы транзиттік тасымалмен Украинадан, Беларусьтан, ТМД-нің басқа мемлекеттері мен алыс шет мемлекеттерден келетін жолаушылардың саны артуда.
«Көкшетау» шекаралық бақылау бөлімшесі барлық қажетті заманауи арнайы техникалық құралдармен жабдықталған. Әуежайдың ұшу және қону залдарында төлқұжаттық бақылау кабиналары халықаралық стандарттарға сәйкес орнатылған.
Бүгінгі күні «Көкшетау» шекаралық бақылау бөлімшесі тұлғаларды төлқұжаттық бақылау желісінде сапалы әрі тез тексеруге арналған заманауи қондырғыларымен мақтана алады. Бақылау модульдары «ұшу» және «қону» бағыттары бойынша орналасқан.Жинақтауыш залдың әрбір қанатында халықаралық әуежайлардың бекітілген стандарттарына сәйкес үш кабинадан бар.
Біздің шекарашылар өздерінің негізгі қызметімен қатар, Ақмола облысы Зеренді ауданының Ақкөл ауылының орта мектебінде 10-11 сынып оқушылары арасында «Жас сарбаз» шекарашының жас досы» әскери патриоттық клубын ұйымдастырды. Клуб жетекшісі, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Шәріп Алдажанов. Әскери-патриоттық тәрбиені қалыптастыру және жастарды әскери оқу орындарына түсуге шақыру, сондай-ақ, орта мектеп оқушылары арасында отансүйгіштік қасиетті дамыту мақсатында тұрақты түрде үгіт-насихат жұмыстары, саптық әндер мен спорттық шаралар ұйымдастырылып тұрады.
Шекара қызметінің 2014 әскери бөлімшесінің «Көкшетау» шекаралық бақылау бөлімшесінің әскери қызметкерлері еліміздің заңдарын бұлжытпай сақтап, адал қызмет етіп келеді. Осы аймақтың әуе қақпалары үздік жауынгерлердің қорғауында болғандықтан, бұл жерде әрдайым тыныштық болады деп нық сеніммен айта аламыз.

Шоқан САДЫҚОВ,
шекара бақылау бөлімшесінің
маманы, сержант.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар