Целиноград ауданының Қосшы ауылында орналасқан «Сапа Су» серіктестігі Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттiк бағдарламасының ең табысты жобаларының бiрi болып табылады.
Кәсiпорын өз жұмысын 2015 жылы бас-тап, бес жыл iшiнде темiрбетоннан құбыр құю өндiрiсiнiң қазақстандық көшбасшысы болды.
2020 жылы «Сапа Су» компаниясы қосымша диаметрi 300, 400, 1800-2400 миллиметр болатын темiрбетон құбырларының желiсiн кеңейту бойынша кезектi жобаны iске асыруды аяқтайды. Жобаның құны 800 миллион теңге. Жоба аясында 20-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Жаңғырту аяқталғаннан кейiн зауыт жылына жоспарланған 50 мың текше метр өнiм шығару қуатына шығады. Кәсіпорын басшыларының айтуынша, таяу шет елдердiң нарығына шығаратын өнім көлемiн 30 пайызға дейiн ұлғайту көзделіп отыр.
«Сапа Су» серіктестігінің өнiмдерiн қолданудың аясы кең. Мұнда жол құрылысы, кәрiз, энергиямен жабдықтау, телекоммуникация, жаңбыр суын кәдеге жарату қолға алынған. Өндiрiсте еуропалық озық технологиялар қолданылады, барлық желiлер толығымен автоматтандырылған, өнiмнiң жоғары сапасына кепiлдiк беретiн жеке сынақ зертханасы да бар.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Целиноград ауданы.