Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысы әкімінің үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Қамқор 2020» сыйлықақысын тағайындау туралы ЕРЕЖЕ - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысы әкімінің үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Қамқор 2020» сыйлықақысын тағайындау туралы ЕРЕЖЕ

Ақмола облысы әкімдігінің

2020жылғы17 тамыздағы

№ А-8/408 қаулысымен

бекітілген

 Ақмола облысы әкімінің үкіметтік емес ұйымдарға арналған

 «Қамқор 2020» сыйлықақысын тағайындау туралы

ЕРЕЖЕ

 Азаматтық қоғамды дамыту демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың маңызды шарты болып табылады. Қоғамдық прогресс, демократиялық даму, экономикалық өрлеу азаматтардың қоғам өмірінің барлық маңызды салаларына белсенді қатысуымен ғана мүмкін болады.

Мемлекет пен азаматтар арасындағы делдал рөлінде қызмет ете отырып, ҮЕҰ халықтың әртүрлі топтарының мүдделерін білдіреді, азаматтық қоғамның дамуына көмектеседі, сындарлы әлеуметтік диалог арқылы қоғамдық келісім үшін жағдай жасауға елеулі үлес қосады.

  1. Жалпы ережелер

1.1. «Қамқор 2020» конкурсын ұйымдастырушы–Ақмола облысының әкімдігі (бұдан әрі – ұйымдастырушы);

1.2. Ақмола облысының үкіметтік емес ұйымдары арасындағы «ҚАМҚОР 2020»облыстық конкурсы(бұдан әрі–конкурс)азаматтық бастамаларды қолдау және үкіметтік емес секторды тұрақты дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған;

1.3. Конкурс осы Ережеге сәйкес өткізіледі;

1.4. Конкурсты қаржыландыру облыс бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады;

1.5. Конкурсты дайындау мен өткізуді «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады;

1.6. Конкурс  2 жылда 1 рет өткізіледі.

  1. Конкурстың мақсаты мен міндеттері

2.1. Конкурстың мақсаты – өңірдегі тұрақтылықты нығайту негізі ретінде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы әлеуметтік әріптестікті нығайту.

2.2. Конкурстың міндеттері:

– Ақмола облысының үкіметтік емес ұйымдарының кәсіби және шығармашылық өсуін ынталандыру;

– әлеуметтік мәселелерді шешуде азаматтық қоғам институттарының қоғамдық белсенділік деңгейін арттыру, халықтың жоғары саяси, құқықтық және азаматтық мәдениетін дамыту үшін жағдай жасау;

– Ақмола облысының тиімді үкіметтік емес ұйымдарын  анықтау.

3.Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

3.1. Байқау үш кезеңде өткізіледі:

1-ші кезең– осы ережеге қосымшаға сәйкес конкурсқаәлеуетті қатысушылардан өтінімдер жинау 2020 жылғы 20 тамыздан 20 қыркүйекке дейінгі мерзімде жүргізіледі;

2-ші кезең – өтінімдерді іріктеу 2020 жылдың 20 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында жүргізіледі;

3-ші кезең –ҮЕҰ облыстық ІХ Азаматтық форумында қорытынды шығару және байқау жеңімпаздарын марапаттау.

3.2. Әлеуетті қатысушы номинациялардың біреуіне ғана өтінім береді. Өтінімдерді бағалауды және әрбір номинация бойынша конкурс жеңімпазын анықтауды мемлекеттік органдардың өкілдерінен, азаматтық қоғам өкілдерінен, бұқаралық ақпарат құралдарынан тұратын конкурстың қазылар алқасы жүзеге асырады.

3.3. Негізгікритерийлер:

1) Қызметтің негізгі бағыты бойынша жетістіктер;

2) бұрын іске асырылған іс-шаралардың, оның ішінде әлеуметтік жобалардың нәтижелілігі;

3) қызметтер көрсетілгенхалықты (бенефициарларды) қамтудәрежесі;

4) іс-шаралар мен жобаларшеңберінде алынған нәтижелердің тұрақтылығы;

5) қызметтің және іскеасырылған жобалардың әлеуметтік маңыздылығы;

6) жобалардың, қызметтің нақты бар қажеттіліктерге, нысаналы топтың қажеттіліктеріне сәйкестігі;

7) үкіметтікемес ұйымның қызметін жариялайтын жарияланымдардың, мақалалардың немесе телебағдарламалардың болуы;

8) волонтерлерді әлеуметтік маңызы бар жобаны іскеасыруға және ұйымқызметіне тарту дәрежесі;

9) үкіметтікемес ұйымдардың мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдар жанындағы Қоғамдық кеңестердің, комиссиялардың, топтардың жұмысына қатысуы;

10) өткізілетін қайырымдылық іс-шаралардың, атаулы көмектің тұрақтылығы мен саны (қоғамның, тұлғалартобының, жекеадамныңөмірсүру сапасының өзгеруі).

3.4. Өтінімде конкурс номинанттары өз қызметі туралы шығармашылық есеп береді, ол:

  1. Жеке куәліктің көшірмесі;
  2. Ұйым жарғысының көшірмесі;
  3. Өтінім
  4. Жобаларды іске асыру туралы аналитикалық анықтама(шығармашылық есеп) дайджест қосымшасымен;
  5. Визуалды сүйемелдеу (фото, видео);
  6. Бенефициарлардан ұсыным хат немесе пікір;
  7. Үкіметтік емес ұйымдар келесі критерийлер бойынша алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапаттау үшін ұйымның қызметкерлері немесе еріктілері қатарынан 1 адамнан тұратын кандидатураларды ұсына алады:

– қоғамдық бірлестіктегі жұмыс өтілі;

– біліктілік деңгейі;

– әдістемелік әзірлемелердің болуы, жұмыста жаңа инновациялық әдістемелерді енгізу, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдары құпталады.

Байқау жеңімпаздары болып танылған ұйымдар дипломдармен,мүсіншелермен және ақшалай сертификаттармен марапатталады.

Жеңімпаздарды марапаттау ІХ облыстық Азаматтық форумды өткізу аясында қарастырылған.

  1. Номинациялар және конкурсқа қатысу шарттары

Конкурс келесі номинациялар бойыншаөткізіледі:

1)«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру саласындағы тиімді ҮЕҰ»– өз ауылына, қаласына,өлкесіне, оның тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне және тұрмысына, Отан алдындағы адамгершілік борышына деген сүйіспеншілікті, мақтаныш пен адалдықты қалыптастыруға қосқан үлесі үшін.

2)«Халыққа арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы тиімді ҮЕҰ»– халыққа арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, әлеуметтік оңалту және халықтың әлеуметтік осал сөздеріне қатысты қалыптасқан стереотиптерді өзгерту бойынша түрлі әдістер мен нысандарды пайдалану саласындағы үлесі үшін.

3)«Балалар мен жастар арасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру саласындағы тиімді ҮЕҰ»– қазақстандық патриотизм, ұлттық дәстүрлер мен мәдениет, ұрпақтар сабақтастығы негізінде жастарды тәрбиелеудегі жетістіктері үшін.

4)«Гендерлік саясатты іске асыру және отбасылық құндылықтарды насихаттау саласындағы тиімді ҮЕҰ» –мемлекеттік гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаттың басымдықтарын ілгерілетуге, әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, отбасылық құндылықтарды насихаттауға қосқан үлесі үшін.

5)«Азаматтық бастамаларды қолдау және дамыту саласындағы тиімді ҮЕҰ»– халық арасында азаматтық бастаманы дамытуға қосқан үлесі, аймақтағы түрлі проблемаларды шешуге, азаматтардың құқықтарын қорғауға және халықтың түрлі топтарының мүдделерін іске асыруға бағытталған әлеуметтік-маңызды бағдарламалар мен жобаларды іске асырудың тиімді нысандарын пайдалану, билік, бизнес және қоғамдық институттар қатынастарын үйлестіруге жәрдемдесу.

6)«Қайырымдылықты дамыту саласындағы тиімді ҮЕҰ»–әлеуметтік маңызы бар бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуге, қайырымдылық жобаларды іске асыруға қосқан үлесі үшін.

7)«Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру саласындағы тиімді ҮЕҰ»–әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу және салауатты өмір салты идеясын белсенді насихаттау үшін.

8)«Жастар саясаты мен балалар бастамаларын дамытудағы тиімді ҮЕҰ» – талантты, дарынды жастарды анықтау және қолдау, жастардың бастамаларын қолдау, білім беру және ғылыми бағдарламалар арқылы жас ұрпақты қолдау үшін.

9)«Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы тиімді ҮЕҰ»– қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, халық бірлігі мен этносаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін.

10)«Волонтерлік қозғалысты дамытудағы тиімді ҮЕҰ»–волонтерлік қозғалысты насихаттау мен дамытуға үлес қосқаны үшін, халықтың әлеуметтік-осал топтарына көмек көрсетуге волонтерлерді тартқаны үшін.

 

Ақмола облысы әкімінің үкіметтік емес ұйымдарға арналған«Қамқор 2020» сыйлықақысын тағайындау туралы ережеге қосымша

 

«Қамқор 2020» облыстық конкурсына қатысуға

өтінім

  1. Ұйымның атауы/қатысушының аты-жөні ___________________________

____________________________________________________________________

  1. Ұйым қызметінің бағыты/қатысушының лауазымы

____________________________________________________________________

  1. Номинацияның атауы _____________________________________________
  2. Құжаттар тізімі

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

  1. Байланыс деректері

(тел. нөмірі, эл. мекен жайы)

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

  1. Өтінім берілген күн ________________________________________________
  2. Ұйымның мөрі/қатысушының қолы_________________________________

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар