Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өзекті мәселелер талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Өзекті мәселелер талқыланды

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы ғимаратының мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың қатысуымен партияның бақылау комиссиясының кезекті отырысы болып өтті.

Онда Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Әсел Қалдыбаева COVID-19 коронавирустық инфекцияларымен күресу бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан медицина қызметкерлеріне жалақыға қосымша үстемеақы төлеу және сондай-ақ, осы инфекцияны жұқтырған немесе қайтыс болған жағдайда медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу туралы есебі тыңдалды.
Медицина мамандарына қатысты айтар болсақ, жалпы облыс тұрғындарына 1636 дәрігер мен 5880 орта медициналық қызметкерлер көмек көрсетті. Алайда, дәрігерлердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 141 адамға, фельдшерлік қызметкерлер 401 адамға азайған.
Бүгінгі таңда облыста медициналық кадрлардың тапшылығынан 437 дәрігер, оның ішінде 83 жалпы практика дәрігері, 354 профильдік мамандар жетіспейтіні жасырын емес. Кадрлар мәселесін шешу үшін еліміздің жоғары оқу орындарымен және түлектерімен келіссөздер жүргізілуде. Алдын ала мәлімет бойынша 104 дәрігер келеді деп күтілуде. Сондай-ақ, коронавирустық инфекциямен күресуге 684 медицина қызметкері (126 дәрігер, 272 орта медициналық қызметкерлер, 286 кіші медицина қызметкерлері) тартылған. Бұдан бөлек 2020 жылдың наурыз-шілде айлары аралығында COVID-19 коронавирусымен күресте эпидемияға қарсы шараларға қатысқан 10 648 медицина қызметкері 1928,0 миллион теңге көлемінде қосымша төлемдер алған.
Баяндамашының айтуынша, 2020 жылдың 17 тамызындағы жағдайға сәйкес 821 медицина қызметкері COVID-19 індетімен ауырған. Оларға әлеуметтік төлемдер жөніндегі комиссия отырысының №1-6 хаттамасының негізінде порталға 315 іс жүктелген белгілі болды. Бұл тұрғыда «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Мәдешұлы өткір сауалдар қойып, халықтың көкейіндегі мәселелердің шешімін табу бағытында тиісті мамандардан жауап алды.
Одан әрі «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы Ақмола филиалы директорының міндетін атқарушы Валерия Андреевна Корнеевец және облыстық жедел жәрдем станциясының басшысы Александр Анатольевич Высоцкийлар хабарлама жасады.
COVID-19 қауіпті індетімен күресте бүгінгі күннің батырларына айналған ақ халатты абзал жандардың еңбектері зор екені белгілі. Партияның кезекті отырысы осындай пандемияға байланысты өзекті мәселелерді шешуде қашанда белсенділік танытуға.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар