Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәсіпкерлікті дамытудың белсенді қадамы - АРҚА АЖАРЫ

Кәсіпкерлікті дамытудың белсенді қадамы

Астрахан ауданында өңірлік кәсіпкерлікті дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған картасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік қозғалысы белсенді сипат алуда. Қазіргі күні 1285 нысан тұрақты жұмыс істеп тұр.

Бұл көрсеткіш бұрнағы жылмен салыстырғанда 125 нысанға өсіп, 110,8 пайызға жетіп отыр. Жалпы, заңды тіркелген нысандардың 86,4 пайызы шағын және орта кәсіпкерліктің еншісінде екендігі мемлекеттік қолдаудың мақсаткерлікпен жүргізілгендігін білдіреді.
Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Қайыр Жұмақаевтың айтуынша, жаңа бизнес жоспарлар негізінде, аудандық үйлестіру комиссиясы 7 ауылдық округте дәріхана, 10 ауылда шаштараз, жетеуінде қоғамдық монша, 3 ауылда нау-байхана ашу жоспарын бекітті. Сондай-ақ, аудан орталығынан елді мекендердің барлығын көлік қатынасымен қамту мәселесі де шешімін тауып келеді.
Жергілікті кәсіпкерлердің ұмтылыстары күнделікті тіршіліктің барлық салаларын қамтып отырғаны жергілікті билік тарапынан қолдау тауып отыр. Солардың ішінен жүн, тері сияқты шикізат дайындау пункттерін, жылыжайлар құрылысын, азық-түлік да-йындау цехтары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу цехтарын, сүт пен ет сатып алу орындарын, тауарлы-сүт фермаларын, сән салондарын, жол бойының сервистік нысандарын, аңшылық және балық өсіру өндірісін, тұрмыстық қалдықтарды өңдеу ұжымдарын атап өтуге болады. Бұған қоса, сауда, жолаушы және көлік тасымалы қызметіне сұраныс арта түсуде. Аталған санаттағылардың қатарына 145 адамның қосылуы тұрғындардың табысы артып, өмір сүру сапасының өскендігін көрсетеді.
Өңірлік картадағы ірі жобалар қатарында «Астрахан құс» агроөнеркәсіптік кәсіпорны, «Острогорское» және «Aina Resources» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар. Осы орайда, аталған ұжымдарға өндірістік сипаттама бере кетсек дейміз. «Астрахан құс» АӨК» Новочеркаск селосында «Жылдық қуаты 3000 тонналық құс фабрикасын салу» инвестициялық жобасын жүзеге асырды. Жобаның жалпы құны 500 миллион теңгені құрайды. Кәсіпорын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша (пайыздық ставканы субсидиялау) екі траншпен 346 миллион теңге несие алған. Мемлекет тарапынан қолдаудың нәтижесінде кәсіпорын осы заманғы инкубатор, бройлер балапандарын өсіруге арналған екі корпус, құрама жем және ет дайындау цехын пайдалануға берсе, бүгінгі күні үшінші бройлер корпусы мен әкімшілік ғимараты салынды. Жаңа фабрика алғашқы сегіз айда 802,6 миллион теңгенің құс етін дайындады.
«Острогорское» ЖШС Новый Колутон селосында, құны 1525,5 миллион теңгелік «Жалпы саны 3000 бастық аналық ірі қара мал өсіру» инвестициялық жобасын іске асырды. Мұның 1293,2 миллион теңге
несие қаражаты. Кәсіпорын Америка мен Канададан асыл тұқымды «Герефорд» құнажындарын сатып алған. Бүгінгі талап деңгейіндегі қоралар мен ашық алаңдар салынып, жаңа жұмыс орындары құрылды. Серіктестік былтырғы жылдың он айында өздерінде бордақыланған 582 асыл тұқымды ірі қараны сатуға шығарды. Бұдан түскен кіріс 138,4 миллион теңгені құрап отыр.
Ал, «Aina Resources» кәсіпорыны Ақбейіт ауылында құрамында алтыны бар руда өндіру фабрикасын салуды жоспарлауда. Мұнда жылына 322,2 килограмм алтын қоспасы шығарылады деп көзделуде. Жоба 2019-2021 жылдар аралығында іске асырылады.

Бақберген Амалбек,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар