Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сүмбіледе су суытар... - АРҚА АЖАРЫ

Сүмбіледе су суытар…

Жалпы, сүмбіле атауы қайдан шыққан немесе ол қандай мағына береді? Негізінен, сүмбіле сөзі қазақ тіліне парсы тілінен енген.  Сүмбіле – бұл жұлдыз. Халық ұғымында жарқырап, көкжиекке ең жақын тұратын жасылдау жұлдыз сүмбіле деп аталады екен. Олай болса, сүмбіле туралы сөз қозғап көрейік. 

Сүмбіленің туғаны – қоңыр күздің белгісі. Бұл туралы Шортанбай жырау былай деп жырлаған:
Сүмбіле туып, күз болмай,
Көкорай шалғын болар ма?
Кәрілік келсе қайтадан,
Жасарып адам толар ма?
Оған қоса, ата-әжелеріміз сүмбіле туғанда, жаз аяқталып, мал семіретінін, сорпа майлы болатынын үнемі айтып отыратыны құлағымда қалыпты. Әжем марқұм «Сүмбіледе су қатады», деп отыратын Сүмбіле туса су суытар, деп жоритын қазақ халқы осы ай туа бастағаннан қысқа қамданып, отын-суын ыңғайлауға кірісе бастайды. Демек, бұл жұлдыздың да жыл мезгілін айғақтайтын белгілері бар деген сөз. Және оны қазақ халқы дәл бақылай білген. Сүмбіле туған соң жаз аяқталып, мал тынышталады, шыбын-шіркей кешікпей жоғалады. Мал шаруашылығымен айналысатын қазақтар үшін Сүмбіленің тууы мен жерге түсуі ерекше белгі деп саналады.
Мысалы, түйе бағатын малшылар Сүмбіле тумай, тау етегіне түспейді. Себебі, түйе жылы су ішсе қараөкпе ауруына шалдығады екен. Ал, Сүмбіле туса, су салқындайды, ол кезде мал өкпе ауруына ұрынбайды. Сүмбіле туған кезде тау етегі салқын тарта бастайды. Осы табиғаттың құбылысын жұлдыз арқылы бақылап отыратын халық өз қамына қарай көше бастайтын болған. Бұған қоса, Сүмбіле туғанда болатын ерекшеліктердің бірі – малдың семіру белгісі. Жаз бойы жайылымда көк шөпке қарық болған төрт түлік, күн салқындай бастағанда түлеп, бойына қуат ала бастайды. Әсіресе, жылқы малы ерекше қуаттанып, семіретін мезгілі – осы Сүмбіле туар шақ.
Жылқы тұқымы – жарық түнде, самал желмен жайылғанды ұнататын жануар. Осы ерекшелікті негіз еткен қазақ халқының Сүмбіле туды сүмпиіп, ат тойынар құнтиып» деген қағидасы бекер айтылмаса керек. Күн астында көп жайылған ұсақ малдарда күн өткеннен өкпеде қан болмайды. Олар Сүмбіле туғанда су ішсе өле бастайды екен.
Сүмбіледе су суиды деп айтылуының себебіне келсек, түні бойы тұрған суға мұз қатады, суға зіл түседі. Мұздай суды ішкен малдың өпкесі көтермейді. Осы секілді Сүмбіле туғанда малдың жайына қатысты халық қағидасы көп-ақ. Мысалы, Сүмбіле туғанда буаз биеге адам мінгізбейді. Сүмбіле туғанда күн ыстық, түн барынша салқын болады. Мұздаған суды бойы жылынып, терлеп келген буаз бие ішсе, құлын тастайды екен.
Міне, сүмбіле туғанда болатын бұл құбылыстар халық тәжірибесінде жиі кездесетіндіктен, шынайы болған жағдаяттардан алынған қағидалар екені даусыз. Сонымен қатар, Сүмбіле туғанда қазақтың тұрмыс-тіршілігінде болатын елеулі ерекшеліктерге байланысты яғни, күз айындағы қазан-ошақ маңында болатын тіршілікте қыз-келіншектерге қатысты қағидалар орынды айтылған. Сүмбіле туған соң, түн ұзарып әрі салқындайды, жауын-шашын көбейеді. Сондықтан, құрт, ірімшік жаю, отын-тезек теру жұмыстарын ерте тұрып, ертерек істемесе, түс ауа жауын-шашында қалып қоюы мүмкін, жауында қалған отынның кебуі қиын деген сияқты қиыншылықтардың алдын алады. Осыған орай, енелердің келіндеріне шілдеде ұйықта, сүмбіледе таң ұзарады, ұйқың қанады, ерте тұр дейтін сөзі осыдан қалған екен.
Сүмбіленің өзіне тән белгілерінің бірі тосыннан жарқ етіп жарқылдап туатыны. Жалт еткендегі жарығы басқа жұлдыздардың жарығынан едәуір үлкен, халық «Күн секілді аппақ болып шығады» деп түсіндіреді. Осы тұрғыда ауыз әдебиетінде жарқ еткен сұлуды теңеуде жиі қолданыс табады. Халық поэзиясында өзінің қасиетімен танылған Сүмбіленің жырлануы кең таралған.
Міне, «Сүмбіле туса, су суыр, Таразы туса, таң суыр», деген осыдан қалған. Тамыз айының ортасында ауа райы салқын тартып, қою бұлт пайда болады. Алғашқы күз нысаны біліне бастайды. Олай болса, сүмбіле туды, сүмбіленің суы да жүрді. Иә, дәл осы тамыз айында «Сүмбіленің суы жүріп пе екен?» – деп сұраған ата-әжелеріміздің сүмбіле  жаңбыры  жауып өткен жердің көдесінің түбі көк, малға от болады деп, жылқыны қыста сол жерге тебіндеткені де, сондықтан. Ендеше, енді етек-жеңімізді жинап, қысқа қамданғанымыз дұрыс болар.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар