Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шәкірттерін білімнің өріне жетелеген - АРҚА АЖАРЫ

Шәкірттерін білімнің өріне жетелеген

Зеренді ауданының Еленовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгүл Зәлелова ана тілінің қадір-қасиетін ерекше құрметтейтін, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру жолында аянбай еңбек етіп жүрген аяулы ұстаз. Ол өзінің отыз сегіз жыл ұстаздық қызметтік жолында алдынан түлеп ұшқан түлектердің бойында отансүйгіштік, елжандылық сияқты абзал қасиеттерді сіңіруге зор үлес қосып жүр десек асыра айтпағанымыз.

Ұстаздың оқушылары жыл сайын әртүрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Сонымен қатар, Айгүл Абушахманқызы өзге ұлт өкілдері арасында тіл мәртебесін көтеру мақсатында өз оқушыларын мемлекеттік тілде өтетін сайыстарға қатыстырып, олардың республикалық байқауларда жеңімпаздар қатарынан көрінулеріне үлкен үлес қосты. Атап айтсақ, Дарья Киселева Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының «Ынтымағы жарасқан туған өлкем» тақырыбында мемлекеттік тілде шығармашылық эссе өлең жазу байқауына белсене қатысқаны үшін сол кездегі Қазақстан Ассамблеясы төрағасының орынбасары Е.Тоғжановтың атынан Алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты облыстық байқауға Нелли Меркер қатысып, 2-ші жүлделі орынды иеленіп, арнайы дипломмен марапатталды.
Бүгінде мектебімізде «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, «Абай туралы зерттеу», А.Құнанбаевтың табиғат тақырыбындағы шығармалары аясында «Табиғат – ғажап әлем» атты «Абай – дана, Абай – дара қазақта» тақырыбына эссе жазу байқаулары арқылы оқушыларды аудандық, облыстық байқауларға іріктеу, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ерекше дарындылықтарын байқап, оларды әрі қарай дарытуға көңіл бөліп, жұмыс істеуде. Сондай оқушылардың бірі 10 «А» сынып оқушысы Батырбек Қоман. Ол «Тұлпар мініп ту алған», «Қобыланды батыр» жырын жатқа оқудың аудандық байқауының жеңімпазы атанып, 150000 теңге сертификат иегері болды. Сонымен қатар, бұл оқушы аудандық, облыстық «Абай оқуларының» жеңімпазы, аудандық пән олимпиадасында да 1-інші орынды иеленді. Бүгінде Айгүл Абушахманқызының шәкірті Батырбек Қоман Зеренді ауданы бойынша болып өтетін әртүрлі байқаулар мен шараларға жиі қатысады. 2019 жылдың «Тілдер фестивалі» айлығында Батырбек Абай Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқып, Зеренді аудандық әкімшілігі атынан арнайы Алғыс хатпен марапатталды. Ұстаздық қызмет жолында әр оқушысының жүрегіне жылу сыйлап, бойындағы дарындылықты оята білген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгүл Залелова өзінің кәсіби біліктілігінің арқасында педагог-зерттеуші атанды. Мектебімізде осындай ұстаздың қызмет жасап, еңбегін бағалау, әрі көрсету өте орынды. Жаңа оқу жылында әріптесіме денсаулық, сарқылмас қуат тілеймін!
Бақыт ӨСЕРБАЙҚЫЗЫ,
Еленовка орта мектебінің оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар