Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрғындар саны өскен Қояндының мәселелері де көп - АРҚА АЖАРЫ

Тұрғындар саны өскен Қояндының мәселелері де көп

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Берік Дүйсембинов жұмыс сапарымен астананың іргесіндегі Қоянды ауылында болып, тұрғындармен кездесті және азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

– Депутаттық фракция Елорда маңындағы елді мекендерді дамытуға қатысты өзекті мәселелерді 2017 жылдан бері тұрақты көтеріп келеді,–деді Б.Дүйсембинов. – Біз, Қазақстан Республикасы Үкіметіне 2018 жылдың қыркүйегінде жолдаған сұрау салысымызда, Целиноград ауданының жүздеген тұрғындары еліміздің бас қаласының дамуына елеулі үлес қосып отырғанын атап көрсеткенбіз. Іргелес ауылдар қарышты дамып, ірілене түсуде. Осыған байланысты өткір проблемалар туындауда. Мысалы, 1999 жылы Қоянды ауылында бар болғаны 319 адам тұрса, қазіргі күні олардың саны 40 мыңнан асып отыр.
Депутат бұл сөздерінің айғағы ретінде Қоянды жолының нашарлығын, емдеу мекемесінің жоқтығын, 900 орындық жалғыз мектепте осы күнге дейін 2700 бала білім алатындығын алға тартты. Мұндай күйді Талапкер, Қажымұқан, Қосщы, Қараөткел, Тайтөбе ауылдарының тұрғындары да бастан кешуде. Сондықтан, бұл мәселелер Парламент Мәжілісінде және «Ақ жол» фракциясының бақылауында болады.
Берік Дүйсембинов ауыл округінің әкімі Айбек Есеевпен бірге жаңадан салынған мектепте болып, жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысты және жергілікті кәсіпкерлікті дамыту, көше жолдарын жарықтандыру, тұрғындарды интернет байланысымен, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Қоянды ауылындағы 1300 орындық жаңа мектептің ашылуы 1 қыркүйекке жоспарланып отыр. Мұнда қазіргі күні құрылыс-монтаж, ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталып, газбен жылыту қазандығы сынақтан өткізілді және жиһаздар мен техникалық жабдықтар орнатылуда. Жолға қатысты құрылыс ісі коронавирус пандемиясының салдарынан уақытша тоқтатылған. Тұрғындардың 40 пайызы ауыз сумен қамтылғаны айтылды.

Бақберген Амалбек,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар