Экономиканың нақты секторында агроөнеркәсіптік кешен басым бағыттар қатарында екені белгілі. Бұл атбасарлықтардың күнделікті қажырлы еңбегінен байқалатын жақсы үрдіс саналады. Мұны өңірдегі 57 жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен 180 шаруа қожалығының жылдың алғашқы жартысындағы елеулі табыстарынан да көруге болады.
– Биылғы жылдың күрделі сипат алғанына қарамастан, өткен алты айда 4 миллиард 750 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 14,2 пайызға артық. Әрбір адамға шаққандағы еңбек өнімділігі 4 миллион 896 мың теңгені құрап, 14,1 пайызға жоғарылады. Мұны биылғы егін орағын ойдағыдай өткізуге жақсы негіз қаланғандығымен байланыстыра айтып отырмын,–дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Виктор Шкуринхин.– Биылғы жылдың күрделі сипат алғанына қарамастан, өткен алты айда 4 миллиард 750 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 14,2 пайызға артық. Әрбір адамға шаққандағы еңбек өнімділігі 4 миллион 896 мың теңгені құрап, 14,1 пайызға жоғарылады. Мұны биылғы егін орағын ойдағыдай өткізуге жақсы негіз қаланғандығымен байланыстыра айтып отырмын,–дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Виктор Шкуринхин.Осы негізге қаратып сөйлейтін болсақ, аудан диқандары үстіміздегі жылы 424360 гектарға агротехникалық қолайлы мерзімде жаздық дақылдар тұқымын септі. Мұның 387609 гектарын дәнді, 20045 гектарын майлы дақылдар алып жатыр. Виктор Николаевичтің сөзіне қарағанда, мал азығындық екпе шөп, картоп, көкөніс алқаптары биыл біршама кеңейтілген. Ауыл шаруашылығы егістіктері 100 пайыз цифрландырылыпты.Биыл жаздың басында жауын-шашынның да бірден жауа қоймай, ауыл тұрғындарын абыржыта түскені белгілі. Егіннің нағыз масақ бойлар кезінде күннің қызуы 40 градусқа дейін жетіп, алаң көңіл диқан аспанға қараумен болғанын да айта кету керек. Мұндай жағдайда агротехникалық шаралардың талап деңгейінде атқарылуы ғана қайтарым береді. Өйткені, жақсы жүргізілген бұл жұмыс ылғалдың топырақта неғұрлым көбірек сақталуына әсер ететіні белгілі. Солай демекші, тәжірибелі механизаторлар парлы алқаптарды алдын ала үш қайтара өңдеп, ауыспалы егіс жүйесін сақтай білді. Тұқым қорының 85 пайызы жоғары өнгіштік деңгейінде сұрыпталды. Мемлекет тарапынан қолдау шараларының жыл санап кеңінен қамтылуы да ортақ іске серпін бергендей. Мұны аудан бойынша 1761 тонна тұқым үшін 39,6 миллион теңге субсидиялық өтем қаржысы төленгенінен байқаймыз.Егістікті арамшөптер мен зиянкестерден қорғау үшін 186,3 миллион теңгеге минералдық тыңайтқыштар сатып алынып, бұл түгелдей іске жаратылды. Өңірдегі 356 мың гектар егістік алқап химиялық жолмен өңделді. «Нұр 777», «Шортанбай 2019» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, өзге де шаруашылықтар аса қауіпті зиянкестермен күресте ұқыптылық танытты. Мұндайда қаржы үнемдеуге болмайтындығын білетін егіншілер 77,4 мың гектар өскінді жеке қаражатымен өңдеу арқылы тиісті қайтарым алуда. Жалпы, ертеңгі жиынтық өнім жоспарсыз шығынды жауып отыратыны күмән туғызбайтындай. Қазіргідей нарық заманында ауыл еңбеккерлері үшін ең алдымен керегі де осы. Қайткен күнде де төккен маңдай тердің, жұмсалған қаржының дұрыс қайтарым беруі, сөйтіп, диқан қауымының өз есеп-қисабында қолайсыз ауа райына, басқасына да есе жіберіп алмауы өте маңызды. Бүгінгі күні орақ науқанына 498 комбайн, 104 жатка қатыстырылды. Механизаторлар 250 мың гектар алқаптың егінін дестеге жығып, 19 мың гектардың астығын бастырды. Мұның өзі жаңбырсыз күндерге белгіленген жұмыс жоспарымен сәйкес келеді. Қызыл қырманға 17 мың тоннаға жуық жаңа өнімнің алтын дәні жеткізілген. Қазірше гектар түсімі 9 центнерден айналып отырғанымен, мамандар бұл көрсеткіштің өсе түсетініне сенімді.Бақберген Амалбек,«Арқа ажарының» өз тілшісі.Атбасар ауданы.