Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қаз өсірген қапы қалмайды - АРҚА АЖАРЫ

Қаз өсірген қапы қалмайды

Еленовка ауылының тұрғыны Ринат Гиззатуллинді ауылдастары өз ісінің нағыз шебері, қолы епсекті электрик маман деп танитын. Төрт жыл бұрын ол күтпеген жерден кәсібін өзгертуге шешім қабылдады. Қазіргі таңда Ринат қаз өсірумен айналысатын фермер.

Біз ауылға келген күні ол Еленовка ауылында болған жоқ, себебі, бизнес бойынша әріптестерімен кездесу және тәжірибе алмасу үшін Елордаға жол жүріп кеткен екен. Сондықтан, фермердің жетістіктері мен істері туралы оның анасы және жұмыстағы бас көмекшісі Римма Абдуллақызы, сондай-ақ, Зеренді ауданының Бұлақ ауылдық округінің әкімі Оралбек Бекішев айтып берді.
– Менің ұлым алдымен жер учаскесін сатып алды. Осы уақыт ішінде ол мұнда құс қорасын, екі қойма, инкубатор үй-жайын салды. Біз оның әрбір бастамасына қолдау көрсетіп отырдық. Отбасылық бизнесті Башқұрт Республикасынан 200 қаз жұмыртқасын сатып алудан бастадық. Қазіргі уақытта голландиялық «Линда» қаздарының санын біз 1000 басқа дейін жеткіздік. Мүмкін болашақта біз өз өндірісімізді кеңейтетін шығармыз, бірақ, қазір бізде ондай жоспар жоқ, – дейді Ринаттың анасы.
Римма Гиззатуллинаның айтуынша мемлекеттен алынған қаражатқа қаздардың аналықтары сатып алынса керек.
– Әрине, Ринаттың бизнестегі алғашқы қадамы мемлекет тарапынан қолдауға ие болды, – деп әңгімесін бастаған Оралбек Қожабекұлы әрі қарай сөзін былайша сабақтады. – «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы мамандарының көмегімен ол тиісті оқытудан өтті, өзінің бизнес-жоспарын сәтті қорғап, жылдық алты пайызбен төрт миллион теңге несие алды және бүгінде алынған ақшаны табысты қайтаруда. Өз тарапымнан Ринат Гиззатуллиннің қаз фермасы біздің ауылдық округтің елді мекендеріне үлкен пайда әкелетінін айтқым келеді. Біріншіден, ол өнімді тек жерлестеріне ғана сатады, оларды экологиялық таза диеталық құс еті және жұмыртқамен қамтамасыз етіп отыр, олар облыс орталығының базарларында сатылатын ұқсас өнімдерге қарағанда, орташа есеппен 10-15 пайызға арзан. Екіншіден, Ринат өз ауылдастарына тамаша үлгі көрсете білуде. Бүгінде оның осы тәжірибесіне сүйеніп, ауылдастары да өз кәсібін ашуда.
– Өткен жылы біз ауыл тұрғындарына 800 қаз саттық, олардың барлығы біздің өнімдеріміздің сапасына да, оның бағасына да дән риза. Ал, алдағы арман-мақсат уақыт еншісінде, – дейді анасы Римма Абдуллақызы.
Осы орайда, айта кетуіміз керек, қазіргі таңда жүзеге асып жатқан мемлекеттік бағдарламалар Ринат сияқты мыңдаған жанның кәсібіне қолдау болуда. Алайда, еңбек етуге ерінетіндер де жоқ емес. Әйтпесе, кәсіпкерлік көкжиегін әлдеқашан кеңейтіп алуға болар еді. Ринаттың еңбексүйгіштік қабілетіне қарап, жарайсың дестік біз де.
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.
Суретті түсірген автор.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар