Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі облыстық білім басқармасымен бірлесіп, Көкшетау қаласының орта оқу орындарында «Парасаттылық балалардың көзімен» тақырыбында сурет көрмесін өткізді.
Өз шығармашылығында бастауыш және орта сынып оқушылары сыбайлас жемқорлыққа наразылықтарын білдіріп, адал және парасатты өмір салтын таңдайтындықтарын көрсетті.
Жас суретшілер «Адалдық – ардың ісі», «Әрдайым адал бол!», «Жүрегіңді таза ұста», «Асылдың бірі – адалдық», «Жемқорлыққа жол жоқ», «Жастар жемқорлыққа қарсы» деген секілді сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік танытуға шақыратын қысқа слогандармен плакаттар мен парақшаларда суреттерін бейнеледі.
Жұмыстар көрнекті және әсерлі болды, ал, көрмеге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеялармен таныс-ты. Оқушылардың осы шығармашылық іс-шараға белсенді қатысуы өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға және парасатты қоғам құруға өз үлестерін қосуға үлкен ықыласы бар екенін көрсетеді.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.