Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2020 жылғы шілде айы үшін Ақмола облыстағы инфляция және қаржы нарығындағы жағдай туралы Б А С П А С Ө З - Р Е Л И З І - АРҚА АЖАРЫ

2020 жылғы шілде айы үшін Ақмола облыстағы инфляция және қаржы нарығындағы жағдай туралы Б А С П А С Ө З — Р Е Л И З І

Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және алтын валюта резервтері.
Ақмола облысының Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2020 жылғы шілдеде облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2019 жылғы желтоқсан айына қарағанда 104,1%, 2019 жылдың осы кезеңінде – 102,4%, республикалық мағынада сәйкесінше – 104,4 және 102,8% құрады. Ақылы қызмет көрсету тарифтері 1,7%-ға қымбаттады, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 2,9%-ға, азық-түлік тауарлары – 7,6%-ға қымбаттады.
2020 жылғы 21 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін, базалық мөлшерлеме жылғы 9,0% құрайды.
Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда 3,2%-ға өсті, 93,5 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері –35,3 млрд. АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері — 58,2 млрд. АҚШ долларын құрады.
Облыстағы қаржы нарығының жағдайы.
2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттарымен екінші деңгейдегі банктердің 16 филиалы және «Қазпочта» АҚ Астана филиалы «Астана почтамты» Көкшетау ҚПБТ бар.
Валюта нарығы. 2020 жылдың шілде айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 411,35 теңгені, еуроға – 469,75 теңгені, ресей рубліне – 5,77 теңгені құрады.
2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Ақмола облысының аумағында 78 айырбастау пункті, оның ішінде: 59 – банк филиалдарының, 14 уәкілетті ұйымның 19 айырбастау пункті жұмыс істейді.
2020 жылғы шілде айында облыстағы айырбас-тау пункттері 5,9 млн. АҚШ долларын, 0,9 млн. еуро және 392,5 млн. ресей рублін сатты. 2019 жылғы шілде айында – 10,2 млн. АҚШ долларын, 2,0 млн. еуро және 621,5 млн. ресей рублін сатты.
Депозит нарығы. 2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банктердегі депозиттерінің жалпы көлемі 180,1 млрд. теңгені құрады. Бұл 2019 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 15,2%-ға өсті, өткен аймен салыстырғанда 4,4%-ға өсті.
Депозиттердің жалпы сомасында теңгемен салынған депозиттердің үлес салмағы 76,0%.
Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 8,91%, шетел валютасы бойынша – 1,14% болып қалыптасты.
Облыс халқының жан басына шаққанда депозиттердің орташа мөлшері 2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 244,5 мың теңгені құрады.
Кредит нарығы. 2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 236,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 18,4%-ға артық, ал, өткен аймен салыстырғанда 0,5%-ға өсті.
2020 жылғы шілде айында облыс банктері сомасы 12,6 млрд. теңгеге кредит берді, бұл 2020 жылғы маусым айынан 30,0%-ға аз.
2020 жылғы шілде айында теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 15,1%-ды құрады.
2020 жылғы шілдеде теңгемен кредиттердің үлес салмағы 100,0% құрады.
Тұтынушылық кредиттер. Банктердің тұтынушылық кредиттері бойынша облыс халқының берешегі 86,1 млрд. теңгені құрады. 2020 жылғы шілде айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің көлемі 2020 жылғы маусым айымен салыстырғанда 20,3% азайып,
5 109,0 млн. теңгені құрады.
Ипотекалық кредиттер. Банктердің ипотекалық кредиттері бойынша облыс халқының берешек сомасы 46,8 млрд. теңгені құрады. 2020 жылғы шілде айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 2 072,2 млн. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы маусым айымен салыстырғанда 19,6% немесе 506,0 млн. теңгеге азайды.
Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2020 жылғы 1 тамызға 44,3 млрд. теңгені құрады. 2020 жылғы шілде айында сомасы 1 521,7 млрд. теңге кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы маусым айы-мен салыстырғанда 22,0%-ға өсті (2020 жылғы маусымда – 1 247,2 млрд. теңге берілді). Орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 14,2% құрады.
Төлем карточкалар нарығы.
2020 жылғы 1 тамыздағы айналымдағы төлем карталарының саны жалпы облыс бойынша 1004,2 мың бірлікті құрайды (алдыңғы аймен салыстырғанда 1,2% -ға өсті), бұл республикалық көлемнің 2,4% құрайды.
Ақмола облысы бойынша бұл карточкалар иелерінің саны – 881,2 мың адамды құрады, өткен аймен салыстырғанда 1,6% өсті.
2020 жылғы шілде айында төлем карточкалары пайдаланылған транзакциялар көлемі 77 333,5 млн. теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 4,8%-ға өсті). Транзакциялар саны 4 591,4 мың транзакцияны құрап, 8,2%-ға өсті. Қолма-қолсыз төлемдер саны 10,8% өсіп, 3 761,0 мың транзакцияны құрады, сомасы 10,7% өсті (мөлшері 38 964,4 млн. теңгені құрады). Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 1,9%-ға дейін азайды (транзакциялар саны 830,4 транзакцияны құрады), сомасы 0,6%-ға азайды (мөлшері 38 369,1 мың теңгені құрады).
2020 жылғы 1 шілдеге төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі жалпы аймақ бойынша мына түрде ұсынылған: 4 910 POS-терминал, 377 банкомат, 2 786 кәсіпкерлер1; 4 058 сауда нүктелері.
Ұлттық Банкі Ақмола филиалының
ақпараты бойынша.

1 Эквайермен төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсету шартын жасаған кәсіпкерлер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар