Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселесіне ерекше назар аудара отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі жаңғырту жолдарын белгіледі.
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша жүйелі сипат алуда. Жемқорлықтың пайда болу себептеріне көбірек назар аударылып, алдын алу жұмыстары жүргізілуде» деп атап көрсетті Мемлекет басшысы ауқымды бағдарламалық құжатта.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі жұмысы азаматтар мен қоғамды тарта отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу шараларына бағытталғаны белгілі.
Осы тұрғыда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аумақтық департамент сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жою мақсатында жүйелі негізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізеді. Ағымдағы жылдың басынан бастап сыртқы талдау өңірдің 8 ұйымында жүргізілді, оның нәтижелері бойынша 5 нормативтік-құқықтық актілерге анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Жолдауда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру құралы ретінде мемлекеттік биліктің ашықтығын қамтамасыз етуге және қоғамдық бақылауды күшейтуге басты мән берілген. Ел Президенті «Қоғамдық бақылау туралы» Заңды әзірлеп, қабылдауды тапсырды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың бас-
тамасымен Департамент облыс әкімдігінің қолдауымен «Сервистік әкімдік» жобасын табысты іске асыруда, ол азаматтарды жедел және кедергісіз қабылдау мен оларға кеңес беру және мемлекеттік қызмет көрсету үшін жағдай жасауды көздейді. Бүгінгі таңда «Сервистік әкімдіктер» облыстың барлық 19 ауданы мен қаласында жұмыс істейді. Өңірдің мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарында «Ореn space» және front office форматындағы кабинеттер ашылды, олар да ашықтық пен айқындық қағидаттарын қамтамасыз етеді.
Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету мақсатында жыл басынан бері «Adal kómek» жобасы жұмыс істейді, оның шеңберінде Департамент әлеуметтік желілерде 215-тен астам онлайн-консультация өткізді. Мемлекет басшысы бұл жобаның маңыздылығын атап өтіп, «Адал көмек» тұғырнамасын жасау жеткілікті болды және 11 мыңнан астам әлеуметтік жағынан аз қамтылған азамат танымал адвокаттардан кеңесті тегін алды» деп айтып кетті.
Пандемия жағдайында азаматтар мен жұртшылық өкілдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кеңінен тарту үшін Агенттік «Antikor.Live» онлайн режимінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы контентті тұрақты трансляциялауды қарастырылады. Қазіргі уақытта 250-ден астам тікелей эфирге шығу жүзеге асырылды.
Департаментпен автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау сапасын бақылауды көздейтін «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы және «Адал жол» жолаушылар және жүк теміржол тасымалдарындағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөніндегі жобасы іске асырылуда. Осы жобалар шеңберінде жұртшылықпен тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі, заң бұзушылықтар белгіленеді және оларды жою жөнінде ұсынымдар енгізіледі.
Департамент жанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау мен бағалаудың арнайы мониторингтік тобы өз жұмысын жүзеге асырады, оның құрамына түрлі салалардың жұртшылық өкілдері кірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық қағидаттарын тәрбиелеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында өткен жылдан бастап өңірлік ақпараттық-ағартушылық штаб құрылды. Бүгінгі таңда штабқа 30-дан астам қоғам қайраткерлері мен түрлі ұйымдардың өкілдері кіреді.
Covid-19 пандемиясымен байланысты экономикалық проблемалар аясында кәсіпкерлікті қолдау ерекше өзектілікке ие. Жолдауда мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез-келген заңсыз араласуы мемлекетке қарсы жасалған ауыр қылмыс ретінде бағалануы керектігі айтылған. Осы тұрғыда облыста «Protecting Business and Investments» бизнес пен инвестицияларды қорғау бойынша жоба жұмыс істейді. Бүгінгі таңда Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуімен 60 бизнес-жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде 10 проценті – шетелдік инвесторлардың қатысуы. Жобаны іске асыру басталғаннан бері 19 кәсіпкер мен инвестордың құқықтары қорғалды және қалпына келтірілді. Сонымен қатар, облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қылмыстық-құқықтық шаралармен шағын және орта бизнестің қызметіне заңсыз араласудың бірқатар фактілері жолын кесті.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында барлық реттелетін сатып алулар барынша ашық және тек қана «Сатып алудың бірыңғай терезесі» жүйесі арқылы жүзеге асырылуға тиіс екенін атап өтті. Осы тапсырма шеңберінде мемлекеттік бюджетті мақсатсыз және тиімсіз пайдалануды болдырмау мақсатында Департамент сатып алуды жоспарлау сатысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтайтын және бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік беретін осы жүйе арқылы мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізеді. Атап айтқанда, біз енгізген ұсынымдардан кейін мемлекеттік органдар сатып алуға жоспарлаған тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге жоғары бағаларды төмендету арқылы 150 миллионға жуық теңге үнемделді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды шарасы болып табылады. Жыл басынан бері өңірде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған 9 адам 1,5 миллион теңгеден астам сомаға ынталандырылды.
Алайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін азаматтарды көтермелеу ғана емес, оларды қорғауды қамтамасыз ету де маңызды. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын тұлғаларды қорғау жүйесін заңнамалық деңгейде қалыптастыру қажеттілігі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында да белгіленген.
Жолдауда сөйлеген сөзінде республика Президенті мемлекеттік қызметшілердің, депутаттардың, судьялардың шетел банктерінде есепшотқа ие болуы, қолма-қол ақша және бағалы заттар сақтауына қатысты жемқорлыққа қарсы шектеулер сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құралын енгізу туралы мәлімдеді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, пара берушілердің және парақорлыққа делдал болғандардың сыбайлас жемқорлығы үшін жазаны қатайту, сондай-ақ, сотталған жемқорларды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды тоқтатуды тапсырды. Белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларды іске асыру шеңберінде біз тиісті жұмыс жүргізетін боламыз.
Департаменттің қызметі, ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылық идеологиясының жоғары деңгейін, құқық бұзушылықтардың барлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың жағдайлары мен себептерін анықтауға және жоюға бағытталғанын тағы да атап өткім келеді. Бұл ретте, осы әлеуметтік зұлымдыққа жүйелі түрде қарсы тұру біздің азаматтарымыздың белсенді қолдауымен ғана мүмкін болады. Ал, пандемия жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін мемлекет пен қоғамның күшін біріктіру аса қажет.
Мұрат ТӨЛЕУБАЕВ,
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы