«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2020 жылдың 7 қазанында сағат 11.00-де Көкшетау қаласында (Абай көшесі, 83) алтыншы шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс елуінші сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.
Сессияның қарауына «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-40-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және басқа да сұрақтар енгізіледі.
Әсен Жақсылықов,
Ақмола облыстық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы.