Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Антыңа адал бол, ел ұланы! - АРҚА АЖАРЫ

Антыңа адал бол, ел ұланы!

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің қатысуымен облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңында Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына орай, еліміздегі бірегей оқу орны – Көкшетау техникалық институтының күндізгі оқу бөліміне қабылданған курсанттардың салтанатты ант қабылдау рәсімі болып өтті.

Салтанатты шараға төтенше жағдайлар бөлімшелерінің басшылары мен сала ардагерлері және жас курсанттардың ата-аналары қатысты. Ант қабылдау рәсімін институт бастығы, азаматтық қорғау полковнигі, техника ғылымдарының докторы Сырым Шәріпханов ашып, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин құттықтау сөз сөйледі. Министр азаматтық қорғау саласында еңбек ету әрбір жас курсантқа зор жауапкершілік жүктейтінін баса айтып, адал қызмет етуге ант берген жас курсанттарға сәт сапар тіледі.
Бұдан кейін бірінші курс курсанттары жеке-жеке ант қабылдады. Салтанатты шарада курсанттарға ақ жол тілеп, құттықтау сөз сөйлеген өңір басшысы Ермек Маржықпаев, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңа жағдайда: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында алға қойылған міндеттер жайлы айта келіп, жаңадан құрылған министрліктің басшысы Юрий Ильинге, қызмет жолын бастаған жас мамандарға табыс тіледі.
– Бүгінгі күні азаматтық қорғау органдарын жоғары кәсіби мамандармен қамтамасыз ету ісімен Көкшетау техникалық инс-
титуты айналысады. Институт ұжымы өңірімізде болып жатқан қоғамдық іс-шараларға белсенді атсалысып келеді. Биылғы жыл қазақстандықтар үшін ауыр жыл болды. Әлемге тараған коронавирус дертімен күресте азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлері қауіп пен қатерге қарамастан, халық денсаулығы жолында аянбай еңбек етті, – дей келіп, институт ұжымына алғысын білдірді.
2020 жылы Көкшетау техникалық институтының курсанттары қатарына 189 талапкер қабылданған еді. Аталмыш ант беру рәсіміне 140 курсант қатысты. Сонымен қатар, 37 курсант Ресей және Беларусь республикасы ішкі істер министрліктерінің осы тектес жоғары оқу орындарына жолдама алды. Олар оқу орнына жіберілгенге дейін ант қабылдау рәсімін ертерек өткізіпті.
Ерекше екпін түсіре айта кететін жайт, институт құрылғаннан бері бес мыңнан астам маман білім алып, бүгінде еліміздің азаматтық қорғаныс саласында еселі еңбек етіп жүр. Олар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, ең жауапты және күрделі учаскелерде қызмет атқарады.
Салтанатты шарада курсанттар атынан интитуттың 1 курс курсанты, «Суға батқан адамдарды құтқарғаны үшін» медалінің иегері Темірлан Шәріпбаев сөз сөйлеп, оқуын жақсы оқып, алдағы уақытта ел игілігі жолында аянбай қызмет етуге әзір екендігін айтты.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерді түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар