Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Коронавирус мәселелеріне арналған конференция - АРҚА АЖАРЫ

Коронавирус мәселелеріне арналған конференция

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова Қоңыратбек Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық фтизиопульмонология орталығында өткен конференцияға қатысып, сөз сөйледі.

«COVID-19 пандемиясы. Туберкулезге қарсы іс-шараларды ұйымдастырудың заманауи тәсілдері және эпидемиологиялық ахуалдың жаңа сын-қатерлеріне дайындық» тақырыбымен өткен III ғылыми-тәжірибелік конференция коронавирус мәселелеріне арналды.
Конференцияға арнайы шақыртумен келген республика аймақтарындағы және шет елдердегі туберкулезге қарсы ұйымдардың, мемлекеттік органдардың басшылары, медицина ғалымдары, аудан әкімдерінің орынбасарлары, медициналық мекемелердің басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Екі күнге созылған іс-шараның алғашқы күнінде коронавирус пандемиясына арналып, облыста шығарылған кітаптың тұсауы кесіліп, аталмыш орталықта фтизиопульмонология бөлімі ашылса, одан әрі облыстық фтизиопульмонология орталығы мен көпсалалы облыстық ауруханада туберкулезге, онкологиялық патологияға және басқа нозологиялық формаларға хирургиялық көмек көрсету бойынша республиканың танымал хирургтарының қатысуымен шеберлік сыныптары өтті.
Конференцияның ашылуында Айна Ермекқызы құттықтау сөз сөйлеп, ағымдағы жылы COVID-19 пандемиясы барлық қызмет салаларына, соның ішінде әсіресе, денсаулық сақтау саласына қатты әсер еткенін және осы сала мамандарының қажырлы еңбегін атап өтті.
COVID-19 пандемиясының бірінші толқыны аяқталғаннан кейін қорытынды шығарылып, өткенге көз жүгіртетін, медициналық көмекті жақсартудың қосымша шараларын анықтайтын уақыт келді. Пандемияның асқынулары кезеңінде туберкулезге қарсы көмек, сонымен қатар, эпидемиологиялық жағдайдың кез-келген қиындықтары туындауы әбден мүмкін.
Осыған орай, өткізіліп отырған алқалы жиынды ұйымдастырушыларға және халықаралық ұйым өкілдері мен барлық қатысушыларға сәттілік тілеген облыс әкімінің орынбасары Қоңыратбек Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері Қасымжан Тәшметовты туған күнімен құттықтап, облыс әкімінің Алғыс хатын табыс етті. Өз кезегінде аталмыш орталықтың бас дәрігері Қасымжан Тәшметов осы орталықта шығарылған коронавирусқа арналған жаңа кітаптың бір данасын сыйға тартып, осы індеттің екінші толқынына дайындық туралы баяндама жасады.
Конференция барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы Мәлік Әденов сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасында туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай, Ақмола облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Советқызы Мусина қазіргі замандағы және ағымдағы қауіп-қатерлер кезіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмысының проблемалық мәселелері туралы жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ, коронавирус жұқпасымен күресте денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылық қолдау шаралары мен COVID-19 пандемиясы кезінде облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемелерінде эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстары сөз болды.
Одан әрі ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық бөлімі өтті. Онда Беларусь, Украина, Молдова, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия елдерінен және Ресейдің Санкт-Петербург, Архангельск, Омск қалаларынан медицина ғылымдарының докторлары, белгілі хирург дәрігерлер баяндама жасады. Сондай-ақ, пленарлық бөлімде «COVID-19 пандемиясы кезінде білім беру жүйесіне түзетулер енгізу туралы», «Халықтың әлеуметтік осал топтары. Эпидемиологиялық асқынулар кезеңінде және одан кейінгі туберкулездің проб-лемалары мен таралу қауіптері, Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық жағдай, жаңа асқынуларға дайындық», «Коронавирус жұқпасы кезіндегі бүйректі алмастыру терапиясы», «Эпидемиялық асқыну кезеңінде басқа жұқпалы аурулармен бірге туберкулезді бақылау. Жаңа көріністер, екінші толқынға дайындық», «Ағзадағы SARS-2 вирусын тануда, бейтараптандыруда және жоюда иммундық жауаптың әртүрлі факторларының рөлі», «Балалар арасындағы COVID-19 жұқпасы», «COVID-19 эпидемиясы кезеңінде ана мен баланы қорғау», «Цитокин дауылы – COVID-19 жұқпасының басты қаупі» және «Жаңа COVID-19 коронавирус жұқпасы бар науқастарға көмек көрсету үшін федералды институт клиникасын қайта бейімдеу тәжірибесі» туралы ғалымдардың баяндамалары тыңдалып, пікір алмасылды.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар