«КамАЗ-Инжиниринг» АҚ-ы еліміздегі ірі машина жасау кәсіпорындарының бірі болып саналады. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласы үшін жүк көліктерін шығаратын кәсіпорынның өнімдері бағасының қолжетімділігімен және сапасымен ерекшеленеді.
Ресеймен бірлескен кәсіпорынның көп бөлшектері бүгінде жергілікті жерде шығарылады. Мұнда өз істерін жетік білетін білікті мамандар жұмыс істейді. Солардың бірі – жүк автокөліктерін сырлау цехының шебері Қайсар Далдиев. Ол 2012 жылы Көкшетаудың жоғары техника колледжін бітіріп, техник-механик мамандығын алып шықты. Жас маман бірден «КамАЗ-Инжиниринг» АҚ-на жұмысқа орналасып, сол кезден бері осы кәсіпорында еңбек етіп келеді. Кәсіпорын биылғы елімізде орын алған төтенше жағдайларға қарамастан, тоқтаусыз жұмыс істеуде.
Сырлау цехының шебері Қайсар Далдиев өзіне жүктелген міндетті әрдайым сапалы және белгіленген уақытта атқарады.
Суретті түсірген Берік Ескенов.