Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Журналист тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды - АРҚА АЖАРЫ

Журналист тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның ақпарат саласының үздігі Дәуренбек Ақбекұлы Шөрентаевтың есімін ел есінде сақтау мақсатында ол тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

Дәуренбек Ақбекұлы 1951 жылдың 8 мамырында бұрынғы Көкшетау облысының Зеренді ауданындағы Ортағаш ауылында дүниеге келді. Ортағаштағы бастауыш, Қарашіліктегі орта мектепті 1968 жылы бітіргесін, Алматыдағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түсіп, осы жоғары оқу орнын 1973 жылы бітіріп шықты. Сол жылдың бірінші тамызында Көкшетау облыстық «Көкшетау правдасы» газетіне әдеби қызметкер болып жұмысқа орналасты. Редакцияда қызмет істеген жылдары жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі, облыстық радиотелекомпанияда радио хабарларын тарату жөніндегі редакцияда бас редактор қызметтерін атқарды. «Көкшетау» қалалық газетінде бас редактордың орынбасары болды.
Осы газеттен Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетіне 2005 жылы ауысып, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып істеді. Бас редактордың орынбасары қызметін атқарды.

Бұл игі шараны мемлекет және қоғам қайраткері, драматург-жазушы, замандас әріптесі Жабал Ерғалиев ұйымдастырғанын айта кеткен артық болмас. Ескерткіш тақтаны ашу салтанатында Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Уақыт Бейсенбаев, марқұмның замандасы, досы, белгілі журналист Сайлау Көшкенұлы, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев, ауылдасы Көшек Сәменов сөз сөйлеп, қаламгерге көрсетілген құрмет үшін ризашылықтарын білдірді. Шараға марқұмның жары Балжан Мырзахметқызы, журналистің замандастары, қаламдас әріптестері, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.
Көкшетау өңірінің жақсылығы мен табысын, адамдарының жарқын істерін дәріптеп өткен белгілі қаламгер, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның ақпарат саласының үздігі Дәуренбек Ақбекұлы Шөрентаев өзінің бар саналы ғұмырын қазақ журналистикасын дамытуға арнап өтті. Ол республикаға спорт журналисі ретінде кеңінен танылды. Тынымсыз жан болатын. Ерінуді білмейтін қашан болсын айналасындағы адамдарға жақсылық нұрын шашып жүретін. Тірі пендені ренжітуді білмеуші еді. Және де жас журналистерді тәрбиелеуде тәлімгерлік істерді аса ыждаһаттылықпен атқара білді. Көптеген шәкірттер тәрбиеледі. Олардың алды қазір түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында жемісті еңбек етіп жұүр. 2015 жылдың қарашасында қаламы қарымды журналист дүние салды. Бұл орнатылған ескерткіш тақта абзал азаматтың бейнесін еске салып, рухын асқақтатып тұрары сөзсіз.
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті Түсірген
Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар