Өткен демалыс күндері Нұр-Сұлтан қаласында өткен Ақмола облысының жәрмеңкесінде елорда тұрғындары Көкшетау қаласына іргелес «Агротрейд Көкше» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімдерін жоғары сұраныспен алып жатты. Мұндағы мәселе бағаның біршама төмендігінде ғана емес, ұсынылған өнімнің сапасында деп ұқтық. Әп-сәтте бір машина картоптың өтіп кеткені осыны айтады.
–Шаруашылық уақыт ағымына сай бірнеше құрылымдық өзгерістерге түскенімен, өзінің басты бағыты – картоп, басқа да көкөністер өсіру дәстүрін жалғастыруда, – дейді бізбен әңгімесінде ЖШС директоры Юрий Шашников. Біз биылғы жылы 219 гектарға картоп, 35 гектарға сәбіз бен қызылша еккенбіз. Бұл дақылдар айрықша күтімді қажет етеді. Яғни, жыл бойғы кешенді жұмыс тоқтамауы тиіс. Ал, картоп өсіруде кластерлік негіздегі голландиялық технологияны қолданамыз. Дақылға бөлінген плантациялар күзде толық жыртылып, ауыспалы егіс жүйесіне дайындалады. Әу баста Германиядан алып келінген «Гала», «Сарая», «Пикассо» аталатын тұқым сұрыптары әбден жерсініп, өнімділік сипаттары жетілдіріле түсуде. Әлі де атқарылатын жұмыстар жетерлік. Біз бүгінгі күннің жемісі кешегіден ілгері болуын қалаймыз.–Шаруашылық уақыт ағымына сай бірнеше құрылымдық өзгерістерге түскенімен, өзінің басты бағыты – картоп, басқа да көкөністер өсіру дәстүрін жалғастыруда, – дейді бізбен әңгімесінде ЖШС директоры Юрий Шашников. Біз биылғы жылы 219 гектарға картоп, 35 гектарға сәбіз бен қызылша еккенбіз. Бұл дақылдар айрықша күтімді қажет етеді. Яғни, жыл бойғы кешенді жұмыс тоқтамауы тиіс. Ал, картоп өсіруде кластерлік негіздегі голландиялық технологияны қолданамыз. Дақылға бөлінген плантациялар күзде толық жыртылып, ауыспалы егіс жүйесіне дайындалады. Әу баста Германиядан алып келінген «Гала», «Сарая», «Пикассо» аталатын тұқым сұрыптары әбден жерсініп, өнімділік сипаттары жетілдіріле түсуде. Әлі де атқарылатын жұмыстар жетерлік. Біз бүгінгі күннің жемісі кешегіден ілгері болуын қалаймыз.Директордың кабинетіндегі үлкен ақ тақта неше түрлі сызбаларға толы. Жаңа ғана таңертеңгі ілездеменің аяқталғаны байқалып тұр. Тақтадағы талдамалық жазбалардың тым көптігі жұмыс ауқымының кеңдігінен дерек береді. Учаскелер бойынша картоп түсімділігінің біркелкі еместігін тақтадағы үш бірдей баттыйған сұрау белгісінен сездік.–Түпкі өнімнің көлеміне көптеген жағдайлар әсер етеді, – дейді Юрий Евгеньевич біздің жүзіміздегі сұрау белгісіне қаратып. Мәселен, мынау алқапта жерді өңдеу кезінде кішігірім салғырттыққа жол берілген, ал, мына бөлікте культивация дұрыс атқарылмаған, тұқым сұрыптарын іріктеп орналастыруда да ескерілмеген тұстар бар. Мұның барлығы сабақ алу үшін, қателікке жол берілетін уақыттың өтіп кеткені үшін айтылады. Бүгін «Пикассо» тұқымы егілген алқаптың әр гектарынан 20 тонна картоп алынғанының себебіне талдау жасадық. Бұл үлкен көрсеткіш. Жүз пайыз осындай болуға да жетерміз. Мамандар мен механизаторлар тиісті қорытынды шығаратынына сенімдімін.Көкшетаудағы «Таңдау» гимназиясын, Омбыдағы мемлекеттік университетті үздік бітірген жас жігіт шаруашылық тізгінін қолына алғалы екінші рет өнім жинауда. Соған қарамастан, тәжірибесі толысып қалғандығы сөзінің нығыздығынан көрініп тұр. Бұған дейін «Қазақтелеком» саласында инженер, «АGCO» холдингі жүйесінде техникалық директор қызметін атқарыпты. Құрылтайшылардың шешімімен «Агротрейд Көкшенің» тізгіні сеніп тапсырылған.Отыздан жаңа асқан жігіт биыл суармалы технология талаптарының қатаң сақталуын айрықша бақылауда ұстаған. Алқаптардың толық цифрландырылуы нәтижесінде алдын ала бекітілген жұмыс жоспарындағы міндеттер толық қамтамасыз етілген. Әрқайсысы 560 метр аумақты қамтитын айналмалы суару қондырғылары ұзаққа созылған аптап ыстықтың демін қайтаруға септік жасағаны айтылды. Әйткенмен, табиғаттың өктемдігін түбегейлі жеңу оңайға соқпағандай. Соған қарамастан, картопты жинауда Голландия мен Германиядан алдырылған өнімділігі жоғары бес агрегат істің орайын келтіріп тұрғанын білдік. Қазіргі күні бүкіл картоп алқабының тең жартысының өнімі жинап алынды. Бұның 40 пайызы тұқым қорын қамдауға жұмсалған.Серіктестіктің Садовое ауылындағы төрт қоймасында да қауырт жұмыс жүргізілуде. Мұнда картоп пен сәбіз дақылдары (10 мың тонна) ұзақ мерзім сақталады. Алқаптардан жеткізілген картоп транспортерлер арқылы сырғып барып, іріктелген қалпы қораптарға жайғасуда. Біз арнайы бағдарламадағы желдеткіштердің, сыртқы жағдайлардың ауытқуына байланысты, үш кезеңдік температураға автоматты түрде ауысу процесімен таныстық. Тағы бір айтарымыз, серіктестіктің барлық өндірістік учаскелерінде коронавирус індетіне қарсы қорғаныштық шаралар қатаң сақталатындығы. Жұмыстың жүйелі жүргізілуінің басты негізі осында жатқандығы көрініп тұр. «Агротрейд Көкше» өнімдері Нұрсұлтан мен Алматы қалаларына, Қазақстанның өзге өңірлеріндегі ірі сауда орындарына жеткізілуде.Шаруашылық көп салалы. Биыл парлы алқаптарға ауыспалы егіс жүйесімен 700 гектарға бидай, 687 гектарға арпа, 900 гектарға майлы дақыл зығыр тұқымын сеуіп, межеленген өнімді қамбаға құйып алды. Бақберген Амалбек,«Арқа ажарының» өз тілшісі.Зеренді ауданы.