Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өзіміз өндірген өнімді өзіміз өңдейміз - АРҚА АЖАРЫ

Өзіміз өндірген өнімді өзіміз өңдейміз

Мемлекет басшысы өз Жолдауында ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшін тез арада қайта өңдеу ісінің жаңа салаларын дамыту қажеттігін, салалық тұрғыдан мүлде жаңа ұлттық индустрияны дамыту үшін жаңғыртылған заңнамалық негіз керектігін айтты. Өнеркәсіпті реттеу және оған қолдау көрсету мәселелері түрлі заңнамалық актілерде көрініс тапқан. Бірақ, ортақ мақсат көрсетілмеген, жүзеге асырылатын саясат пен шаралардың арасында өзара байланыс жоқ.

Осы орайда, Президент халыққа арнаған Жолдауында өңдеу өнеркәсібін дамытудың қағидаттарын, мақсаттары мен міндеттерін белгілейтін «Өнеркәсіп саясаты туралы» бірізді заң жыл соңына дейін әзірленетінін айтты. Өнеркәсіпке қолдау көрсетудің нақты шараларын да жетілдіру керек. Бізде жүйелі әрі біртұтас ұстаным жоқ. Соның салдарынан, сансыз көп жобаға қаржыны ысырап етеміз. Әрине қолдау көрсетудің кең көлемді қамтитын ауқымды шаралары сақталады. Сонымен бірге, Үкімет стратегиялық тұрғыдан маңызды өндірістерді, негізгі экспорттық басымдықтарды айқындап, қолдау шараларының аясын кеңейтеді. Стратегиялық жобалар үшін заттай грантты, қаржыландыру жеңілдігін, жекелей кепілдікті, экспорттық қолдау тәсілдерін топтап ұсыну жолы қарастырылатыны көңілге қуаныш ұялатады. Инвесторлардың қаржылық шығынының бір бөлігі салық төлеуден босату арқылы өтелетін болды.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында өңдеуші кәсіпорындардың отандық шикізатқа қолайлы бағамен толық қол жеткізу мәселесі де жүйелі түрде шешілетінін айтты. Бұл мәселе «Урожай» серіктестігінде шешілген. Серіктестік базасында ашылған жаңа зауыттың өнімі қазақстандықтар арасында үлкен сұранысқа ие. Тез дайындалатын жарма мен қабыршықтың басымдығы оның табиғилығы мен тазалығында. Серіктестік «ТНК агрофирмасы» компаниясы тобына кіреді. Бұл өңірдегі астық сақтаумен және өңдеумен айналысатын ең ірі кәсіпорындардың бірі. Оның құрамына төрт элеватор мен диірмендер, тез дайындалатын жарма мен қабыршықтар өндірісі кешені, наубайхана мен жемазық зауыты кіреді. Кәсіпорын алдына агрофирманың 200 мың гектар алқабында өсірілген барлық астықты өңдеу міндеті қойылған. Элеваторға бидайдың жұмсақ және қатты сорттары, арпа мен сұлы түседі. Жоғары, бірінші және екінші сортты ұн өндіріледі. Өзіміздің алқапта өсірілетін барлық астықты қабылдаймыз. Мұнда 300 мың тонна астық сақталады. Астықтың негізгі бөлігінен төрт диірменде тәулігіне 1200 тонна ұн тартылады. Барлық өнім 1, 2, 5, 10, 25, 50 келілік полипропилен қабына салынады.
Жоғары сапалы ұн еліміздің ішінде және шетелдерде үлкен сұранысқа ие. Ай сайын республика өңірлері мен алыс және жақын шетелдерге 300 вагон өнім жібереміз. «Урожай» серіктестігінің наубайханасы тәулігіне 3 тонна нан-тоқаш өнімін өндіреді. Кәсіпорынға Германиядағы «Шуле» фирмасының қондырғысы орнатылған. Барлық өнім 450 грамнан 25 келіге дейінгі қапшықтарға салынады. Бүгінгі күні біз Нұр-Сұлтан қаласы мен Батыс, Оңтүстік Қазақстан рыногына кірдік. Алдағы уақытта алыс және жақын шетелдердің рыногына шығуды межелеп отырмыз. Жаңа зауыттың өнімі осылай өз тұтынушыларын тауып, сеніміне кірді. Өйткені, өз алқабымызда өсірілетін табиғи шикізат қоспасы жоқ әрі жоғары сапалы. Бұдан бес жыл бұрын тәулігіне 240 тонна өнім өндіре алатын жемазық зауытын іске қостық. Құрама азықпен малды қамтамасыз ету оның салмағын арттыруға және сүт саууды көбейтуге ықпалын тигізеді. Кәсіпорында жарма цехы жұмыс істейді. Оның өнімі өңірлерде, Ресей, Қытай, Иран мен Түркияда үлкен сұранысқа ие. Кәсіпорындағы барлық зауыттар автоматтандырылған. Өткен жылы кәсіпорынға кіре беріс жол жөнделді. Бұл бағытта 1 миллион доллар жұмсалды. Кәсіпорынның тұрақты жұмысы үшін автопаркте қажетті техниканың барлығы бар. Сондай-ақ, жанар-жағармай аппаратурасын жөндейтін, қаңылтыр, токарьлық, аккумулятор, электрқозғалтқышын орау тәрізді қосалқы цехтар жұмыс істейді.
Жұмыс үшін жасалған қолайлы жағдайға және әлеуметтік пакетке қарамастан, кәсіпорында мамандар дефициті байқалады. Слесарь, электрик, токарь тәрізді жұмысшылар мен технолог, зертханашы тәрізді мамандар қажет. Өз еңбеккерлерімізді жеңіл бағамен шөп, бидай қалдықтары тәрізді азықпен қамтамасыз етеміз. 100 орындық асханада 200 теңгеге түскі ас ішуге болады. Еңбеккерлер жұмысқа тасымалданады. Барлық еңбеккерлер үшін медицина қызметі және мамандарды оқыту тегін. Сондай-ақ, тұрғын үймен қамтамасыз етуге тырысудамыз. Екі қабатты тұрғын үй бар. Қазір 27 пәтерлік үш қабатты тұрғын үй салынуда. Келесі жылы да осындай тұрғын үй салу жоспарланған. 2014 жылы «Урожай» серіктестігі ТМД елдерінің ішінде ең ірі өңдеуші кәсіпорындардың бірі атанды.
Ғабиден БРАЛИН,
«Урожай» серіктестігінің директоры.
Жақсы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар