Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетау көк қарағайлар мекеніне айналуы тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетау көк қарағайлар мекеніне айналуы тиіс

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ұйымдастырған «Көкшетау – көк қарағай мекені» экологиялық акциясында №4 орта мектептің алдына 30 түп қарағай көшеті отырғызылды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орайластырып өткізілген игілікті шара барысында орман шаруашылығы саласының ардагері Шабдан Тоқмурзин өз тәжірибесімен бөлісті. Ол көшеттерді таңдап алу, отырғызу және суару жөнінде ақыл-кеңесін берді. Қарағай көшеті шірімеуі үшін оны терең отырғызуға болмайтын көрінеді. Облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Марал Жақыпова өз сөзінде аталған бағдарламаны жүзеге асырудың биылғы жылға арналған жоспарына «Көкшетау – көк қарағай мекені» атты іс-шараның да енгізілгенін айтты.
–Акциямызды ұйымдастыруға Көкшетау қаласындағы орталық емхананың дәрігері Ербол Сабатаев себепкер болды. Ол өз сөзінде «біз қалаға неге қарағай отырғызбаймыз, Көкшетаудың көркі қарағай емес пе?» деп айтқан болатын. Петропавл қаласы ақ қайыңдар мекені болып саналады. Көкшетау көк қарағайлар мекені болуына кедергі жоқ. Қысы-жазы жап-жасыл қалпынан айнымайтын қарағайдың адам ағзасына пайдасы мол болғандықтан, барлық шипажайлар мен демалыс орындары осы көк қарағайлардың бауырында орналасқан. Оның үстіне қарағай көшетін жылдың кез-келген мезгілінде отырғызуға болады. Бұл акция жыл бойы жақсы дәстүр болып қалыптасып, оны қала тұрғындары, шағын және ірі кәсіпорындардың өкілдері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қолдайды деген сенімдеміз. Сөйтіп, биыл отырғызған 30 қарағай көшетінің саны келесі жылы үш жүзге жетсе нұр үстіне нұр. Мұндай іс-шара қоғамымызда экологиялық мәдениетті көтеруге ықпал етеді,–деген кеңсе басшысы өздеріне қолдау көрсеткен облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен Көкшетау қалалық әкімдігіне алғысын білдірді.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар