Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Лайықты құрмет пен марапат - АРҚА АЖАРЫ

Лайықты құрмет пен марапат

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің күніне орай, Көкшетауда өткен салтанатты жиналысқа қатысып, бірқатар сала мамандарына «Халық алғысы» медалі мен Алғыс хаттарын табыс етті.

Бүгінгі таңда облысымызда әлеуметтік қорғау саласында 550-ден астам маман қызмет етуде. Үйде әлеуметтік қызмет көрсететін 23 бөлімше бар. 548 әлеуметтік қызметкер 2800 мұқтаж азаматқа, соның ішінде 473 мүмкіндігі шектеулі жанға қызмет көрсетеді. 55 әлеуметтік қызметкер үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеуде. Азаматтарды жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайту, арнайы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету осы сала мамандарының жауапкершілігіне кіреді. Салтанатты шарада құттықтау сөз алған облыс әкімі осылайша биылғы жылы облысымызда 21 мың жаңа жұмыс орны ашылғанын, оның ішінде 12,5 мыңы тұрақты жұмыс орындары екенін, 10 мыңға жуық ақмолалық «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қатысушысы болғанын атап өтті.
Шамамен үш мыңға жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуда. Осы отбасыларындағы 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндер кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілуде. Осы секілді халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың орындалуында сала мамандарының атқаратын рөлі орасан зор екенін баса айтқан облыс әкімі әлеуметтік салада ұзақ жыл табан аудармастан еңбек етіп келе жатқан бірқатар жерлестеріміздің есімін ерекше атап өтті.
–Құрметті әлеуметтік сала қызметкерлері! 2011 жылдан бастап қазанның соңғы жексенбісі елімізде Әлеуметтік сала қызметкерлері күні болып белгіленді. Сіздерді осы кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Қиын өмірлік жағдайға тап болған отандастарымызға көмектесуге арналған әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің міндеті секілді бұл күн де ерекше. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қазіргі қиын кезеңде тұрғындардың табысы мен жұмысын, экономикалық тұрақтылықты сақтап қалу басты міндетіміз екенін айтты, – деген Ермек Маржықпаев әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыты – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету екенін, бүгінде облыста 29 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан барын айтты. Мүгедектерді қамтамасыз ету бойынша қаржыландыру мөлшері былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе өскен. Үстіміздегі жылдың соңына дейін мүгедектігі бар азаматтарға 8,5 мыңнан астам оңалтудың техникалық құралдары жеткізілмекші. 1726 адам санаторлық-курорттық емдеуге жіберіледі.
Салтанатты шарада Қазақстан Президентінің Жарлығымен «Халық алғысы» медаліне ие болғандардың қатарында Шортанды ауданындағы Жолымбет кентінің арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының аспазы Гүлнәр Әубәкірова мен осы орталықтың санитары Динара Минкенова, сондай-ақ аға медбикесі Айнагүл Нетбаева да бар. Сондай-ақ, тағы бірқатар әлеуметтік сала қызметкерлері облыс әкімінің қолынан «Халық алғысы» медалі мен Алғыс хаттар алды.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар