Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сақтық шараларын естен шығарып алғандаймыз! - АРҚА АЖАРЫ

Сақтық шараларын естен шығарып алғандаймыз!

Көкшетау қаласында жүргізілген рейд кезінде мониторингтік топ мүшелері карантиндік талаптардың өрескел бұзылғандығын анықтады. Бүгінгі таңда Көкшетау қаласы бойынша карантиндік талаптардың сақталуын қадағалау бойынша 4 мониторингтік топ жұмыс істеуде.

Мониторингтік топ демалыс күні өткізген рейд кезінде «Орталық базардың» жұмыс істеп тұрғанын анықтады. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің №129 қаулысы бойынша демалыс күндері базарлардың жұмысына тиым салынған болатын. Бұдан бөлек, көпшілік іс-шара өткізген мейрамхана да анықталды, – дейді Көкшетау қаласының бас санитарлық дәргері Қанат Ысқақов.
Көкшетау қалалық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының сөзінше, бүгінгі күні Көкшетау қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны артқан. Станционарларда 70 адам емделуде. Осы ретте, ол көкшетаулықтарды тәртіпке бағынуға және санитарлық шараларды қатаң сақтауға шақырады. Ал, аталмыш басқарма басшысының орынбасары Әсел Сәрсенбаева кезекті мониторинг кезінде карантиндік шектеу талаптарын бұзу оқиғасы анықталғанын айтуда.
– Мониторинг кезінде мейрамхана ішінде орналасқан «Family Mood» балалардың ойын алаңы жұмыс істегені анықталды. Қала тұрғындары карантиндік шектеулерге құлақ асатын емес, көпшілік шаралар мен отбасылық салтанат өткізуде. Сол себепті, қала тұрғындары карантиндік шараларды ескеріп, көпшілік орындарға бармай, үнемі маска тағып жүргені абзал, – дейді Әсел Сәрсенбаева.
Айталық, соңғы күндері елімізде, оның ішінде Көкшетау қаласында коронавирус жұқтырғандардың саны біршама артқаны байқалады. Осы ретте, Көкшетау қалалық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары тұрғындарды тәртіпке бағынып, карантиндік талаптарды сақтауға шақырады.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар